Түлкібас аудандық санитариялық-эпидемиогиялық бақылау басқармасының басшысы- Нұрхат Төлтаев тұрғындарға карантин талаптарының күшейтілуіне қатысты түсінік берді.
Бас санитардың айтуынша, сенбі, жексенбі күндері төмендегі мекемелер жұмыс істемейді: қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамхана, кафе, асханалар), банкет залдары, қоғамдық көліктер, балалар ойын алаңдары, аттракциондар, сұлулық салондары, туристік базалар, демалыс үйлері, бассейндер, монша-сауналар, облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар, компьютерлік клубтар, караоке, боулингтер, ашық және жабық базарлар,
-Құрметті жерлестер, ауданымызда вакцина салдыру бойынша әлі де ұжымдық иммунитет қалыптаса қойған жоқ. Міндетті түрде маскалық режим, адамдардың көп шоғырлануын болдырмау, әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау керек екендігін еске саламыз.
Екпе алып ұжымдық имунитетті қалыптастыруға ат салысайық,-деді Нұрхат Төлтаев.
Сондай-ақ, Түркістан облысы аумағында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу мақсатында, шағын және орта бизнес өкілдерінің қолдауымен вакцина салу шаралары өткізілуді.
Айта кетейік, Түркістан облысы коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша "сары" аймаққа енді. 18 шілдедегі жағдай бойынша өңірде COVID-19 ауруының 176 жағдайы тіркелген. Осы және басқа да маңызды мәселелер облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте қаралды. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, қазіргі уақытта 958 адам коронавирустық инфекциядан емделуде, оның ішінде 916 адам инфекциялық стационарларда, 42 адам карантиндік стационарларда және 158 адам үй карантинінде.