Түркістан облысында тағы да үшем дүниеге келді

Қысқаша

Түркістан облысында тағы да үшем дүниеге келді

Осыдан 10 күн бұрын Түркістанда 6 баланың анасы үшем босанған болатын.

image.png

Түркістандық дәрігерлер шала туған сәбилерді аман алып қалды. Қазір нәрестелердің жағдайы жақсы. Үш ұлды өмірге алып келген 39 жастағы Дилхумар Юсупованың да жағдайы қалыпты. Мерзімінен ерте туған үшем дәрігерлердің бақылауына алынған.

Кеше Жетісайдағы ұстаздар жанұясы бірден үш сәбиге толықты.

Сәтпаев елдімекенінің тұрғыны Бахитовтар отбасында да үшем өмірге келді. Ернұр, Балнұр, Айнұр есімді сәбилердің қазір жағдайы жақсы. Дәрігерлердің бақылауында.

Отағасы Жомарт пен жары Аягөз Жетісай қаласында мектепте жұмыс істейді. Бүгінге дейін олардың 2 қыз, 1 ұлы бар болатын. Енді олар бірден көп балалы отбасы атанып отыр.

Әулетімізде отағасы жағынан егіз бар. Алғашында дәрігерлер үшем босанасың дегенде ерекше толқыныс пен аздап қорқыныш болды. Алланың менің отбасыма жасаған сыйына сансыз шүкір. Сәбилерімнің қазір жағдайы жақсы, дәрігерлерге шексіз ризамын, қолынан келгенше қарап жатыр, дейді үшемнің анасы Аягөз.

Жалпы, Жетісай ауданы бойынша өткен жылы 51 егіз дүниге келген екен. Ал, биыл 10 отбасында егіздер жарық дүние есігін ашып отыр.