Пластика әлемі

Қысқаша

Сондай-ақ өнімнің пластикалық болғанына қарамастан, өндірістің табиғатқа зияны жоқ көрінеді. Себебі, компания шикізатты ақылмен пайдаланады және өндіріс қалдық қалмайды.

Screenshot_23.png

Шымкентте «Бизнестің жол картасы» және  «Индустрияландыру картасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында өз жұмысын бастап, өнім шығарып, ел экономикасына сүбелі үлес қосып отырған кәсіпорындар баршылық. Солардың бірі   «Оңтүстік» индустриалды аймағында теңдесі жоқ бірегей өнім полипролпилен парақтарын шығаратын «ЮгРегионПласт» ЖШС зауыты. Одан әртүрлі сұйықтықтарды сақтауға арналған үлкен көлемді цистерналар, бассейндер мен аквапарктердегі сырғанақтар жасалады.

Зауыт жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламалар аясында негізі  2011 жылы қаланып, бүгінде қарқынды жұмыс істеп келеді. Алғашқы өнімін 2013 жылы шығарған. Жылдық қуаттылығы 64 мың  шаршы метр. Өндіріс ошағындағы техникалардың барлығы шетелдік. Арнайы тапсырыспен   Қытайдан әкелінген.  Бір қуанарлығы кәсіпорындағы қондырғыларда жергілікті халық еңбек етеді. Барлығы заманауи құрылығылардың тілін жетік меңгеріп алған. Қазіргі таңда  зауытта 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Айтып өтейік, тауарға сұраныс көбінесе шет мемлекеттерден түседі. Оның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан мен Ресей елдері бар. Ал, өзіміздің өңірлерден Павлодар, Маңғыстау қалаларын пластикалық өнімдермен  қамтамасыз етіп отыр. Зауыт басшысы алдағы уақытта жылдық қуаттылығын арттыры, жұмыс күшін көбейтуде көздеп отыр.

Зауыт басшысының айтуынша, Пластикалық цистерналар тиімді. Өйткені, металдан айырмашылығы, олар тексеруді қажет етпейді, тот баспайды және қолайсыздықтар әкелмейді. Зауыт өз өнімдеріне 50 жылдық кепілдік береді",- дейді «ЮгРегионПласт» зауыты директорының орынбасары Санжар Бауыржан. 

Сондай-ақ өнімнің пластикалық болғанына қарамастан, өндірістің табиғатқа зияны жоқ көрінеді. Себебі, компания шикізатты ақылмен пайдаланады және өндіріс қалдық қалмайды.


 


    A+
Уақыты: 2021-07-12  Айдарша: Өңір
TAG: