Қала көшелері 80%-ға жаңаруда

Қысқаша

Қазіргі таңдағы басты мәселенің бірі - жүк көліктерін айналма жол арқылы жүргізіп, қала ішіндегі кептелісті азайту болып отыр. Оған қоса қала орталығынан шалғайдағы тұрғын алап халқын орталықпен байланысын жақсарту. Ең басты мақсат қаладағы жол сапасын х

Screenshot_12.png

Шымкент қаласында мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде  жол құрылысы қарқын алған. Бүгінгі таңда қала көшелері 80%-ға жаңаруда. Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшелеріндегі жолайрықтарға толық жөндеу жұмыстары енгізіліп, 250 аялдаманы жөндеуге бөлінген 12 млрд теңге игерілді. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов брифингте мәлімдеді. 

Биыл шымкентте  автомобиль жолдары саласында 170 нысанда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Оның 34 өтпелі. Жыл соңына дейін  248 шақырым жол пайдалануға беріледі.  Ал, қала тұрғындарына 18 жеке меншік тасмыалдаушы компания қызмет көрсетуде.  Оларда 79 бағыт бойынша 882 автобус қызмет көрсетуде. Басым бөлігі жаңғырған. Қазір қалада 4 ірі автовокзал мен 2 автобекет орналасқан. 

"Қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі  2020 жылғы 15 қазаннан бастап іске қосылды. Бұл жоба қазірдің өзінде тиімділігін көрсетіп отыр. Қала тұрғындары  төлемдерді картамен, қолма-қол ақшамен, SMS арқылы да төлей алады. Шымкент қаласының жолаушылар көлігі саласын  дамыту мақсатында  2020 жылы   кешенді жоба  бекітілді",-дейді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов. 

Қазіргі таңдағы басты мәселенің бірі - жүк көліктерін айналма жол арқылы жүргізіп, қала ішіндегі кептелісті азайту болып отыр.  Оған қоса қала орталығынан шалғайдағы тұрғын алап халқын орталықпен байланысын жақсарту. Ең басты мақсат қаладағы жол сапасын халықаралық талапқа сәкестендіру дейді басқарма басшысы.


    A+
Уақыты: 2021-06-11  Айдарша: Өңір
TAG: