Шымкенттің аяқ киімдері бәсекеге қабілетті

Қысқаша

"Біз үшін тауардың сапасы бірінші орында. Аяқ киімді толыққанды жасап шығару үшін табиғи желімнің маңызы зор. Мұндай желімді Австрия және Италия елдерінен аламыз",-дейді «Luxe Shoes» фабрикасының менеджері Данияр Сұлтаналиев.

Screenshot_11.png

Шымкентте жасалған аяқ киімдер бәсекеге қабілетті.Тіпті әлемдік брендтерден бір саты да кем емес. Қазақстанда алғашқылардың бірі болып ашылған «LUXE SHOES» фабрикасы өнімдерін енді экспорттамақ ниетте. Аталмыш кәсіпорын шығарған аяқ киімді бір киіп көрген адам, қайта айналып келеріне сенімді. Өйткені, бірінші кезекте сапаға мән берілгенген, дейді зауыт басшылығы. 

Кәсіпорын Индустриялық даму бағдарламасы аясында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аумақта ашылған.  Бір жылдық қуаттылығы 120 мың жұп. Мұндағы аяқ киімдердің сапасы бірден көзге түседі. Былғарыдан  жасалғандықтан сұраныс та жоғары. Бағасы да қалта көтерімді. Мұндай 4 мезгілге арналған ерлер және әйелдер аяқ киімі жасап шығарылады.   

"Біз үшін тауардың сапасы бірінші орында. Аяқ киімді толыққанды жасап шығару үшін табиғи желімнің маңызы зор. Мұндай желімді Австрия және Италия елдерінен аламыз",-дейді «Luxe Shoes» фабрикасының  менеджері Данияр Сұлтаналиев.  

 Бүгінде бұл зауытта 60-қа жуық қызметкер жұмыс істейді. Мұндағы қызметкерлер өз ісінің шебері. Соның бірі Айкерім Төлебекова.  Зауыт ашылғалы осында жұмыс істеп келеді. Оның айтуынша, фабрикада барлық тауарлар сапалы жасалады. 

Айтып өтейік, мамандар аяқ қиімге қажетті шикізатты арнайы Түркия елінен тапсырыспен алады. Ал, тауарды  Италия елінің IronFox станогымен  өндіреді. Зауыттың ішінде аяқ киімді толыққанды жасап шығару үшін заманауи техникалармен жабдықталған. Фабрика да мамандар барлық карантиндік талаптарды сақтай отырып, күнделікті жұмыстарын атқаруда.


    A+
Уақыты: 2021-06-11  Айдарша: Өңір
TAG: