Жемқорлық дамуға кедергі

Қысқаша

Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесі ұйымдарда сыбайлас жемқорлықты жою мен оның алдын алудың тиімді құралдарының бірі, сонымен қатар ұзақ жоспарлы енгізуді талап ететін күрделі әрі кешенді жоба.

Screenshot_6.png

Таяуда Шымкент  қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы Абай ауданы бойынша бөлімше қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кездесу өткізді. 

Кездесуге «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар, орталықтың «Заң» бөлімінің басшысы А.Додабаева, «Азаматтардың арыз-шағымдары мен мекеменің ішкі қауіпсіздігін бақылау бөлімі» басшысы Н.Қасымбеков және орталық мамандары қатысты. Жобалық кеңсенің басшысы жұмыспен қамту орталығы ұжымында жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және қызметтерін заң шеңберінде адал атқару қажет екендігін хабарлай отырып, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі түрде профилактикалық шараларды өткізу қажеттігін назарға ұсынды.

Өз кезегінде  орталықтың бөлім басшысы Н.Қасымбеков - қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес уақытша науқан емес, жүйелі әрі ұзақ мерзімді қажет ететін мемлекеттік саясат екендігін атап өтіп, парасатты қоғам тәрбиелеудегі әлеуметтік саланың орыны орасан зор екендігін атап өтті.

Айта кетсек, қалалық жұмыспен қамту орталығында «Азаматтардың арыз-шағымдары мен мекеменің ішкі қауіпсіздігін бақылау бөлімі» комплаенс жүйесі арқылы өз жұмысын бастап, 

- орталықтың сапалы қызмет көрсетуіне байланысты Заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен хаттар;

- арыздар мен өтініштерді жан-жақты саралау, құзырлы органдармен бірлесе отыра арыз-шағымдар бойынша толыққанды мәлімет жинау, тікелей арызданушы жеке және заңды тұлғалардың Орталыққа қатысты шағымын толыққанды заңнамалар талаптарына сай уақытылы қарауды және жауап берілуін қамтамасыз етілуін қадағалайды;

- орталық бөлімшелерінің сапалы қызмет ұсынуын қадағалау,мониторинг жүргізу;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу және т.б. жұмыс жүргізуде.

Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесі ұйымдарда сыбайлас жемқорлықты жою мен оның алдын алудың тиімді құралдарының бірі, сонымен қатар ұзақ жоспарлы енгізуді талап ететін күрделі әрі кешенді жоба.


    A+
Уақыты: 2021-06-05  Айдарша: Өңір
TAG: