Кітап жәрмеңкесі өтті

Қысқаша

Іс-шараның мақсаты - оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын насихаттау. Сондай-ақ жастардың көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту болды. Жәрмеңке барысында Нұр-Сұлтан, Қарағанды ж

Screenshot_10.png

2021 жылды Мәдениет және спорт министрлігі  ресми түрде «Балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылы» деп жариялап, балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруды тапсырған болатын. Атаулы жыл аясында  Шымкентте «Farabi offline: Парақtimes кітап жәрмеңкесі өтті. Аталған іс-шараны «Әл-Фараби» ғылыми-әмбебап кітапханасы мен «Серпіліс» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Мұнда еліміздің әр-түкпірінен жиналған баспа үйлерінің кітаптары оқырмандар назарына ұсынылды. Сондай-ақ шара одан әрмен концерттік бағдарламаға жалғасып, тұрғындарға керемет көңіл-күй сыйлады

Іс-шараның мақсаты -  оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып,  қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын насихаттау. Сондай-ақ жастардың көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту болды.  Жәрмеңке барысында  Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Алматы қалаларынан арнайы келген баспа үйлерінің кітаптарымнен қала тұрғындары танысты.

«Мұндай жәрмеңке қаламызда тұңғыш рет өткізілуде. Осымен тоқтап қалмай жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп тұрсақ деген жоспарымыз бар»,- дейді Шымкент қаласы Әл-Фарабиатындағы қаланың ғылыми әмбебап кітапханасының директоры Дәурен Дүйсебаев.

Балалар мен ересектердің кітапқа қызығушылығын арттыруды мақсат еткен шара биыл  Шымқалада алағаш рет ұйыдастырылып отыр. Шара барысында оқырмандар кітап әлемімен ғана танысып қоймай, концерттік бағдарламаны да тамашалады. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген жазушы қонақтармен ашық диалог құрып, кездесу өткізді. 

Нармахан Бегалыұлы бүгінгі жәрмеңкеге 2 бірдей кітапбын алып келіпті. Алты құрлыққа ту етіп асқақ көтерген ақылман алып Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірбаянын жинақтаған. Бар арманы осы кітапты өскелең ұрпаққа танытып, жастарды кітап оқуға шақыру.

«Балаларымыз бүгін кітап оқымаса ертеңіміз бұлыңғыр болады. Сондықтан осындай шараларды көптеп ұйымдастыру қажет»,- дейді жәрмеңкеге қатысқан жазушы Нармахан Бегалыұлы.

Аталған іс-шара екі күн бойы қаладағы Арбат саябағында жалғасын тапты. Кез-келген тұрғын жәрмеңкеге келіп, ұнаған кітапбын ала алады. Бағасы да қолжетімді. Айтып өтейік, «Әл-Фараби» ғылыми-әмбебап кітапханасы бұл фестивальді Шымкент қаласында дәстүрлі түрде өткізуді көздеп отыр.


    A+
Уақыты: 2021-05-29  Айдарша: Өңір
TAG: