Ордабасының ауыл шаруашылығында оңды істер көп

Қысқаша

Ордабасының ауыл шаруашылығында оңды істер көп

24.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған былтырғы Жолдауында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз ету, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыру, еңбек өнімділігін екі жарым есе көбейту, агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортын екі есе арттыру міндеттерін жүктеген болатын.    Осы тапсырманы орындау мақсатында биыл Түркістан облысы Ордабасы ауданында 65 310 гектарға ауыл шаруашылық дақылдары егілді. Оның ішінде 17 147 гектар - күздік бидай, 1437 гектар - жаздық бидай, 1279 гектар - арпа, 8070 гектар - дәндік жүгері, 11 768 гектар - ескі жоңышқа, 8881 гектар жаңа жоңышқа. Жалпы қазіргі таңда аудан бойынша 81 102 ірі қара, 455 902 уақ мал, 24 310 жылқы, 696 түйе бар. Жалпы Ордабасының ауыл шаруашылығында оңды істер көп. 

 Жуырда  аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл ауыл округ мамандарымен және шаруашылық өкілдерімен кездесу өткізді. Жиын барысында көктемгі дала жұмыстарына жеңілдетілген бағада ауданға 3055 теңгеден  жанар май бөлінгені, бүгінде оның 85 пайызы үлестірілгені, ұсақ шаруашылықтардың жанар майға қол жетімділігін арттыру мақсатында Бадам, Қажымұқан, Төрткүл ауыл округтерінен жанар май тарату бекеттері құрылғаны айтылды. Егілген дақылдар бойынша 804 тонна минералды тыңайтқыш алынса, оның 431 тоннасы жеңілдетілген бағамен ұсынылған. 

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шаруалар толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан тиянақты жауап алды. 


    A+
Уақыты: 2021-05-26  Айдарша: Өңір
TAG: