Сенаторлар су үнемдеу технологияларымен танысты

Қысқаша

Сенаторлар су үнемдеу технологияларымен танысты

13.jpg

Былтыр халыққа арнаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Технологиялық тұрғыдан ескірген суару жүйесі үлкен кедергі келтіріп отыр. Судың 40 пайызы далаға кетіп жататын кездері болады. Онсыз да су тапшылығының зардабын тартып отырған еліміз бұған жол бере алмайды. Осы саланың нормативтік-құқықтық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз етіп, заманауи технологиялар мен инновацияны енгізу үшін экономикалық ынталандыру шараларын әзірлеу қажет,-деген болатын. 

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің ағын суға деген тапшылығын шешу бағытында Үкіметтік және жергілікті деңгейде бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. ҚР Парламенті Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті іссапар барысында Түркістан магистралды каналының жөндеу жұмыстарымен, «Кеңсай Қосқорған-2» су қоймасы құрылысымен, Су үнемдеу бағыты бойынша жаңбырлату технологиялары орнатылған «Түркістан-Агро» ЖШС-нің егіс алқаптарымен, «Бөген» су қоймасының жағдайымен және жұмыс істеу бағытымен танысты.

2019 жылы Түркістан облысындағы 6 су нысаны («Бөген» су қоймасы, «Қосқорған» су қоймасы, «Түркістан» магистралды каналы, «Арыс» магистралды каналы, «Қараспан» магистралды каналы және «Қараспан» су торабы) республикалық меншіктен облыстық меншікке өтті. Су нысандарын жергілікті деңгейде тиімді пайдалану Ордабасы, Отырар, Бәйдібек, Сауран аудандары және Арыс, Кентау қаласы өңірлерінің 78,8 мың га суармалы жерлерін және Түркістан қаласын көгалдандыру жұмыстарын ағын сумен тұрақты түрде уақытылы қамтамасыз етуге мүмкіндіктер беріп отыр. Сонымен қатар, былтыр Түркістан, Арыс, Қараспан магистралды каналдарынан су алатын аудандардағы (иесіз, жеке және аудандық меншіктегі) 751 шақырымды құрайтын 161 канал облыстық меншікке өткізілді.

Ағын су ысырабына жол бермеу және су беру тәртібін реттеу үшін, облыста алғаш рет тариф бектілді. (1000 м.3 ағын су үшін 328,6 теңге). Нәтижесінде, шаруаларға ағын суды тек қажеттілікке сәйкес бөлу тәртібі енгізілді.


    A+
Уақыты: 2021-05-22  Айдарша: Өңір
TAG: