Бірлігі бекем мекеме

Қысқаша

Мекеме жастарды да назардан тыс қалдырған емес. Мәселен мектептерде өткен жиындарда әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрайымы Арзу Гурбанова, ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы Дінмұхамед Искендиров, өзбек этномәдени бірлестігінің өкілі Рахима Бұр

Screenshot_5.png

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармаға қарасты «Қоғамдық келісім» коммуналды мемлекеттік мекемесі Қазақстанның дамуына, бірліктің нығаюына өз деңгейінде үлес қосып келеді. Мысалы, Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында этнос өкілдері арасында «Ұлтаралық достықты сақтау» тақырыбында кездесулер өтті. «30 жыл – 30 жетістік» тақырыбында түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен фотокөрме ұйымдастырылып, 1 наурыз – Алғыс айту күнінің қарсаңында, тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 игі іс» қайырымдылық акциясының аясында донорлық акция ұйымдастырды. Оған қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, мүшелері – жалпы саны 30-дан астам адам қатысқан.

Мекеме жастарды да назардан тыс қалдырған емес. Мәселен мектептерде өткен жиындарда әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрайымы Арзу Гурбанова, ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы Дінмұхамед Искендиров, өзбек этномәдени бірлестігінің өкілі Рахима Бұрханова ұлтаралық ынтымақ пен халық арасындағы татулықтың маңыздылығы жөнінде айтып, ойларын ортаға салды. 

Сондай-ақ «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері мен шешен-ингуш этномәдени бірлестіктердің мүшелері Забадам елдімекенінің тұрғындарымен жүздесу ұйымдастырды. Онда мемлекеттік этносаясат түсіндіріліп, жалпы ұлттық бірлік пен қоғамдық келісім қағидаттарын ілгерілету тақырыбы қозғалып, аумақ тұрғындарын толғандыратын мәселелері көтерілді. 

Этномәдени бірлестік өкілдері қалалық сенбілік секілді қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысуда. 1 наурыз – Алғыс айту күні қалалық этномәдени бірлестіктер басшыларының қатысуымен «Қазақ еліне мың алғыс!» монументіне гүл шоқтарын қою шарасында түрлі этнос өкілдері Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады. Этномәдени бірлестік мүшелері, сонымен қатар, қайырымдылық шараларына да белсенді атсалысып келеді. Мақтаарал ауданының тұрғындарына жалпы сомасы 13 млн 500 мың теңгені құрайтын азық-түлік пен киім-кешек, құрылыс материалдары жіберілді. Пандемия кезінде көптеген қайырымдылық іс-шарасы нәтижесінде жалпы сомасы 4 млн теңгеге көмек көрсетілді. 

«Жалпы, 2020 жылы Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері тарапынан 19,7 млн теңгенің көмегі көрсетіліпті. Одан бөлек түрік этномәдени бірлестігінің қатысуымен кәсіпкерлер 90 млн теңгеге жуық көмек көрсетті. Айта берсек, атқарылып отырған жұмыс аз емес. 1 мамыр күні қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан өзбек және түрік этномәдени бірлестіктері 200 адамға ауызашар себеттерін таратуды жоспарлап отыр»,- дейді Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармаға қарасты «Қоғамдық келісім» коммуналды мемлекеттік мекемесінің басшысы Ербол Байқонақов. 


    A+
Уақыты: 2021-04-30  Айдарша: Өңір
TAG: