Тұрғындар енді көгілдір отынға мұқтаж болмайды

Қысқаша

Биылғы жылы Алтынтөбе, Бадам 195, Достық, Асар-2 және Азат тұрғын алаптарының құрылысы аяқталады. Бүгінде Алтынтөбеде газ құбырын тарту жұмыстары 90 пайызға орындалса, Асар-2 шағын ауданында жұмыстың 40 пайызы аяқталып отыр.

Screenshot_4.png

Еліміздің үшінші мегаполисі саналатын Шымкент қаласының ауқымы кеңейгені белгілі. Тұрғындары да жыл сайын өсіп келе жатқан шаһарды су, электр, көгілдір отырмен қамтамасыз ету қарқындыжүргізіліп келеді. Мәселен  Шымкентте биылғы жылы  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде 8 тұрғын алабына газ құбырын тарту жұмыстары басталды. Бүгінде оның  5-еуінің құрылысын аяқтау жоспарланған. Нәтижесінде 11 мыңға жуық тұрғын газбен қамтылып, көрсеткіш 93 пайызға жететін болды.

Биылғы жылы Алтынтөбе, Бадам 195, Достық, Асар-2 және Азат тұрғын алаптарының құрылысы аяқталады. Бүгінде Алтынтөбеде газ құбырын тарту жұмыстары 90 пайызға орындалса, Асар-2 шағын ауданында жұмыстың 40 пайызы аяқталып отыр. 

Жалпы қаладағы 81 елді мекеннің 40-ы табиғи газбен қамтылса, 33-і жартылай, ал қалған 8 елді мекен тұрғындарының көгілдір отынға қолы жетпей отыр. Қала тұрғындарын табиғи газбен қамту мақсатында 2021 - 2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, елді мекендердің ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарлануда. 2023 жылы қалада газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.

Сонымен қатар, қалада №3 автоматты газ-реттегіш станциясының және 58 шақырымды құрайтын газ құбырының құрылысы салынуда. Автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы қаланың ары қарай дамуына зор жағдай тудырады. Табиғи газға жаңа тұтынушыларды өндіріс орындарын қосуға үлкен мүмкін береді.  Мұнымен қоса жаңа газ стансасының жоғары және төменгі қысымдағы газ құбырлары қаланы бір жағынан Бейнеу- Бозай-Шымкент газ магистралімен қосса, екіншіден- Шымкент төңірегіндегі барлық елді-мекендерді көгілдір отынмен қамтуға мүмкіндік туғызады. Станция бір сағатта 250 мың текше газды таратуға қауқарлы. Соңғы үлгідегі автоматтандырылған газ тарату станциясы миллион халқы бар қаланы толық газдандыруға жол ашпақ.



    A+
Уақыты: 2021-04-19  Айдарша: Өңір
TAG: