Жол құрылысы әкім назарында

Қысқаша

Жауапты мердігер мекеме – «КазахДорСтрой» серіктестігі. Бүгінге дейін игерілген қаржы – 691,0 млн теңге. Сондай-ақ, 42 учаске бойынша жер телімдерін қайтару жұмыстары жүргізілуде. Қайтарылғаны – 24, сотқа жолданғаны – 8, бағаланғандары – 6.

Screenshot_15.png

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар жол нысандарының құрылыс барысын аралап көрді. Шаһар басшысы алдымен Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында салынатын жолайрықтың жобасымен танысты. Құрылыс аумағының ұзындығы Бәйдібек би даңғылы бойынша - 700, Арғынбеков көшесі бойынша – 921 м.

Құрылыс мемлекеттік бағдарлама аясында 2020-2022 жылдар аралығына жоспарланған. Жалпы құны –11,4 млрд теңге. Мұнда ұзын-ырғасы 61 жер телімін қайтару қажеттігі туындауда. Жолды жабуға дейін биыл мамыр-қыркүйек айлары аралығында ағаштарды тамырымен жұлу қажет. Сондай-ақ, съездердегі байланыс желілерін қайта жайғастыру, Арғынбеков көшесіндегі 3-ші съездегі тіреу қабырғасын салу жұмыстарын жүргізу жоспардағы іс.

Сонымен қатар, қазан-желтоқсан айлары аралығында Арғынбеков көшесінің бойындағы 3-ші съездің тіреу қабырғасын салу, туннель бойынша жер жұмыстарын жүргізу көзделуде. Ал, Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде. Бүгінге дейін игерілген қаржы – 550 млн теңге.

Қазір құрылыс алаңында 70 000 текше метр жер жұмыстары, тіреу қабырғаларын құю, тіреу қабырғаларының каркасын тоқу, су құбыры  байланыс сымдарын орнату сынды жұмыстар аяқталды. Мұнан соң шаһар басшысы Д.Қонаев даңғылы жалғасының ІІІ кезеңінің құрылыс жұмыстарын аралап көрді. Терешкова көшесінен Бөгет көшесіне дейінгі құрылыстың жалпы ұзындығы – 0,561 шақырым. 6 жолақты көшенің ені – 42 метр.Жауапты мердігер мекеме – «КазахДорСтрой» серіктестігі. Бүгінге дейін игерілген қаржы – 691,0 млн теңге. Сондай-ақ, 42 учаске бойынша жер телімдерін қайтару жұмыстары жүргізілуде. Қайтарылғаны –  24, сотқа жолданғаны – 8, бағаланғандары  – 6.

 


    A+
Уақыты: 2021-04-09  Айдарша: Өңір
TAG: