Отандық өнімдер тұрақтандыру қорына сатып алынады

Қысқаша

Отандық өнімдер тұрақтандыру қорына сатып алынады

100.jpg

Халыққа арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі нарықты отандық ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуді тапсырғаны белгілі. Осы мақсатта Түркістан облысында биыл егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының болжамдық егіс құрылымына сәйкес, кеш пісетін картоп – 7,1 мың га, қырыққабат – 2,9 мың га, пияз – 2,0 мың га және сәбіз – 1,5 мың га егу жоспарланып отыр. Өндірілген өнім көлемі өңірлік тұрақтандыру қорын толықтыру үшін сатып алынады.

Ал, облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің мәлімдеуінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасын негізсіз өсірген бірқатар тауар өндірушілерге нұсқамалар таратылды. Нұсқама орындалмаған жағдайда, қолданыстағы заң шеңберінде тергеп-тексеру жұмыстары басталатынын баяндады.

Мұнджай мәліметтер жуырда облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды. Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің  бағаны тұрақтандыру мақсатында «Айналмалы схема» аясында несиелендіру жұмыстарының тым баяу жүргізіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар, тауарлық интервенция жүргізу, Тұрақтандыру қорында азық- түлік тауарларының қорын қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жеткіліксіз екенін ескертті. Осыған орай, «Айналмалы схема» аясында сауда үйлері мен тауар өндірушілерге несие беру мәселесін одан әрі пысықтауды, апта сайын тұрақты түрде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастыруды, азық түлік тауарларының бағасын негізсіз көтерген өндіруші кәсіпорындар мен жеткізіп беруші кәсіпкерлер бойынша нақты жұмыстар атқару туралы тиісті тапсырмалар берді.


    A+
Уақыты: 2021-04-08  Айдарша: Өңір
TAG: