Ана мен бала денсаулығы басты назарда

Қысқаша

Ана мен бала денсаулығы басты назарда

88.jpg

«Қазақстан 2050» Стратегиясында елімізде соңғы бес жылда  ана өлімі  шамамен 3 есе азайғаны,  бала туу көрсеткіші бір жарым есе өскені айтылып, мемлекеттің ана мен бала денааулығыне қорғау бағытындағы жұмыстарды бұдан да әрі жалағастыра беру міндеті қойылған болатын. Бүгінде ана мен баланың денсаулығын сақтау, оларға қатысты күрделі ем-дом шаралары өңірлерде де жүргізілуде. Мәселен    Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері ауыр халде жеткізілген 23 жастағы жүкті әйелге бір мезетте екі ота жасауға мәжбүр болған. Ана мен нәрестенің өмірін аман алып қалу үшін алдымен оны кесарь тілігімен босандырып алған. Кейін сол жақ бауырын қаптаған құрттан лапаротомия әдісі арқылы тазалаған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ота шұғыл диагностикалық, лабораториялық және салалық дәрігерлердің тексеруінен соң жасалынды. Эхинококты кистасы жарылу қаупінен, ана мен бала өмірі қыл үстінде тұрған. Қазір сәби мен ананың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», – дейді хирургия бөлімінің меңгерушісі Мақсұт Аймағанбетов.

Бүгінде ана мен баланың денсаулығы бір қалыпты. Жақында ауруханадан үйіне шығарылды. Облыстық аурухана тұрғындар қажеттілігін қамтамасыздандыруға жеткілікті мамандармен және медицина құралдарымен жабдықталған. Жалпы, жыл басынан бері ауруханада 3501 күрделі операция жасалынды. Өткен жылы клиникалық ауруханасының базасында 12 мыңға жуық ота сәтті аяқталған.


    A+
Уақыты: 2021-04-08  Айдарша: Өңір
TAG: