Шөкеев тұрғындармен жайылым мәселесін талқылады

Қысқаша

Шөкеев тұрғындармен жайылым мәселесін талқылады


 87.jpg

Халыққа арнаған былтырғы Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

-Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Бірақ Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуге тиіс,-деген болатын. 

Бүгінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің мәселесі өте өзекті. Әсіресе, жайылымдық жерлер. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев    Жетісай, Мақтарал, Келес аудандарының тұрғындарымен кездесіп, жайылым мәселесіне қатысты мәселелерді ортаға салды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

хабарлады. 

Қазіргі уақытта, малдың көбі қыстақ пен жайлаудан гөрі ауыл маңында жайылады. Сондықтан ол жерлердің табиғи өнімділігі жыл сайын төмендеп келеді. Мал басының артуы да жердің тарлық етуіне әкеліп соғуда. Оның үстіне көп жерлер жеке қолда. Мәселені ретке келтіру жұмыстары Түркістан облысында үш жылдан бері жүргізіліп келеді. Үш аудан азаматтарымен жүздескен облыс әкімі жергілікті билік пен жауапты тұлғаларға жайылымдық жер мәселесін реттеуді жүктеді. 

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бір алқаптан 2-3 өнім алу бойынша “Сабыр” шаруа қожалығының атқарып жатқан жұмыс барысымен танысып, жұмысшылармен кездесті. Қырыққабат егіп, алғашқы өнім алуға дайындалып жүрген диқандар бұл тәсілдің тиімділігінің қыр - сырымен бөлісті. Бірінші өнімді жиып алған соң олар қарбыз егуге көшеді. Тиімділігін дәлелдеген тәсілге жүгінгендер, жылына 1 га жерден 8 млн теңгеге дейін пайда табады.


    A+
Уақыты: 2021-04-08  Айдарша: Өңір
TAG: