Бағдарламаларға бағдар жасауға жол көрсетті

Қысқаша

Семинар соңында мамандар тұрғындарды ауыл шаруашылығы саласына берілетін қолдауларды тиімді пайдалана отырып, белгілі бір кәсіп түрін жүзеге асыру барысында бірлесе отырып ат салысуға шақырды.

Screenshot_4.jpg

Бүгінде Шымкент қаласында әлеуметтік-экономикалық салаға, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аударуда. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулардың арқасында қалада бірқатар шаруалар, кәсіпкерлер және тауар өндірушілер өз кәсіптерін жүргізіп отырған жайы бар.

Осы мақсатпен Еңбекші ауданының  тұрғындарына Шымкент қалалық Ауыл шаруашылығы басқарманың ұйымдастырумен және «Shymkent» ӘКК» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ , «Атамекен» ҰКП-ы өкілдерінің қатысуымен «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламар, шағын және орта бизнесті дамыту» тақырыбындағы кезекті семинар-кеңес ұйымдастырылды.

Әдеттегідей семинарда сала мамандары аудан тұрғындарына ауыл шаруашылығы саласын бойынша мемлекеттік қолдаулар оның ішінде «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы-2025» және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы, «Мен кәсіпкер боламын», «Қарапайым заттар экономикасы» сынды мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен бірге тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, сәйкесінше сала мамандары тарапынан жауап ала алды, бұдан бөлек мемлекеттік бағдарламалар туралы анықтамалық кітапшалар таратылды.

Семинар соңында мамандар тұрғындарды ауыл шаруашылығы саласына берілетін қолдауларды тиімді пайдалана отырып, белгілі бір кәсіп түрін жүзеге асыру барысында бірлесе отырып ат салысуға шақырды.


    A+
Уақыты: 2021-03-25  Айдарша: Өңір
TAG: