Ауа-райы қолайлы, жасыл желекті Шымқала республикадағы инвесторларды қызықтыратын бірден-бір шаһар. Үшінші мегаполиске инвестицияны көптеп тартуды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі тапсырған болатын. Тапсырмаға сай қаланың инвестиция көлемі жыл сайын артып келеді.
Сала мамандарының таратқан мәліметі бойынша қалада осы жылдың қаңтар-ақпан айларында негізгі капиталға инвестициялар көлемі 25,8 млрд.теңгені құраған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге ұлғайған (2020 жылғы қаңтар-ақпан – 11,5 млрд. теңге). Жыл соңына дейін 334 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр, бұл 2020 жылға қарағанда 20% - ға артық дейді мамандар. Жоспарға сай қала аумағында 2021-2025 жылдары жалпы 2,4 трлн теңгені құрайтын 184 инвестициялық жоба іске асады деп күтілуде.
Ал осы жылы 153,2 млрд теңгелік 44 инвестициялық жоба қолға алынған. Нәтижесінде 2,4 мың жұмысшы орын құрылады. Оның ішінде қаланың кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша 1 389 жұмыс орнын құрумен 56,1 млрд.теңге сомасына 21 жоба. Сондай-ақ, 2021-2025 жылдары іске асырылатын 941 млрд.теңге сомасына ТОП-10 инвестициялық жобалар қалыптастырылды.
Бүгінгі таңда қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында ауқымды шаралар жүргізілуде. Инвесторға барлық қажетті қызметтерді ұсыну үшін қалада «бизнеске арналған үкімет-Shymkent Invest» фронт – кеңсесі жұмыс істейді. Ол «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетіп жатыр.