Түркістан облысында коронавирустың екінші толқынына дайындық күшейді. Індет қайта белең алған жағдайда дәрі тапшылығы болмас үшін екі айлық қор жиналып, облыс ауруханалары тыныс алу аппараттарымен қамтылуда. Қосымша төсек-орындар қажет болған жағдайда оның санын 5,5 мыңға дейін жеткізіледі. Сондай-ақ мобильді топ мүшелері әлі де аула аралап және әлеуметтік желілелерде халыққа коронавирустан сақтанудың жолдарын түсіндіруде.
Осы орайда Ордабасы аудандық ауруханасының дәрігер-эпидемиологы Болсынай Анапияева коронавирустан қалай сақтану керектігін ескертті. Ең алдымен әр адам жауапкершілікті өзінен бастап, мынадай санитарлық талаптарды сақтап жүрген жөн.
- Қолды әр жарты сағат сайын 20 секунд бойы сабындап жуу. Микробтарды өлтіруге антисептик көмектеседі. Медициналық спирт те қолдануға жарайды. Егер спиртке аллергия бар болса, санитайзерді пайдаланыңыз;
- Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастап, қолыңызды жуыңыз;
- Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз, бұлар вирустың "кіріс қақпасы" саналады;
- Жөтел, жоғары температура және тыныс алу мүшелері ауруларының басқа симптомдары бар адамдардан аулақ жүріңіз;
- Адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, той-томалақ, жиындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз;
- Адамдармен қол алыспай, қашықтықтан амандасқан жөн;
- Іссапардан бас тартып, әлем бойынша саяхатты шектеңіз;
- Үйдің терезесін жиі ашып, ауаны тазартып тұрыңыз;
- Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбаған жөн;
- Қолма-қол ақшадан бас тартып, төлемді мүмкіндігінше банк картасы арқылы жасаңыз;
- Бөлмені жиі желдетіңіз;
- Табиғат пен фермалардағы жануарлардан аулақ жүріңіз;
- Ет пен жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатып не пісіріңіз, яғни, шала піскен күйінде тұтынбаңыз;
- Температура көтерілгенде, жөтелгенде және тыныс алу қиындағанда дереу медициналық жәрдемге жүгініңіз;
- Иммунитетіңізді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдарды тұтыныңыз.
- Салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.