Ордабасы ауруханасы оттегі концентраторларымен толықты

Қысқаша

Миллиондаған адамның өмірін жалмаған коронавирустың басты қауіптілігі ол адамның өкп

Screenshot_7.jpg

Миллиондаған адамның өмірін жалмаған коронавирустың басты қауіптілігі ол адамның өкпесін зақымдайды. Жер бетінде тыныс алуы қиындыған науқастардың көпшілігі оттегі жетіспегеннен қайтыс болғаны жасырын емес. Себебі тосыннан келген кеселге әлем елдері дайын болған жоқ. Тыныс алу аппараттары, оттегі концентраторларының жетіспеушілігі  тіпті медицинасы дамыған елдердің өзінде орын алды.   Сондықтан бұл індет адамзат үшін бір жұтым ауаның, оттегінің қаншалықты құнды екенін ұғындырды.

     Ордабасы аудандық ауруханасы  індет қайталанған жағдайда науқастарды оттегімен қамтамасыз ете аламыз дейді. Себебі мұнда қазіргі таңда 64 орталықтандырылған кислород нүктесі бар. Оның 40 нүктесін Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының қолдауымен орнатылып отыр. Мекеме  басшылығының айтуынша аурухана бойынша 11 оттегі концентраторы болған. Гуманитарлық көмектің арқасында тағы 30 дана кислородты концентратор  беріліпті. Қазіргі таңда барлығы 41 дана оттегі концентраторы науқастар үшін қолданысқа берілуге дайын тұрған көрінеді.  Ордабасы аудандық орталық ауруханасына қарасты медицина мекемелері де аталмыш құрал-жабдықпен толығымен қамтамасыз етілген. 

    A+
Уақыты: 2020-10-14  Айдарша: Өңір
TAG: