Ордабасы: 70% көкөніс өнімі шетелге экспортталады

Қысқаша

117 мыңға жуық тұрғыны бар Ордабасы — өнеркәсібі дамыған әрі ауыл шаруашылығына бейім ау

Ж.Түймебаев: «Оңтүстік құс етін өндіруде елімізде көш бастауы тиіс»

117 мыңға жуық тұрғыны бар Ордабасы — өнеркәсібі дамыған әрі ауыл шаруашылығына бейім аудан. Бүгінде ауданда елімізге танымал біршама кәсіпорындар бар. Олардың көбісі агроөнеркәсіптік бағытта дамуда. Соның бірі - «Аделя» шаруа қожалығы.

2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің қатысуымен «Аделя» шаруа қожалығының 11 гектар жеріндегі ең ірі жылыжай фермасы іске қосылды. Жоба үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылды. 

Жобаның құны бастапқыда 2 574 миллион теңгені құрады. Жылыжайда шамамен 8400 тонна қияр мен қызанақ өсіру жоспарланды. Компания 200 жаңа жұмыс орнын құрды.

Бүгінгі таңда аталмыш шаруа қожалық аудандағы ірі кәсіпкерлік орынға айналды. Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылған «Аделя» шаруа қожалығының жылыжай кешенінің өндірістік қуаты жылына 6 мың тонна өнім өндіруге жетеді. Жылыжай кешенін басқару толығымен автоматтандырылған. Нысан француздық «Rishel» компаниясының заманауи жабдықтарымен жабдықталған. 

Мәселен, откен жылы ғана «Аделя» шаруа қожалығы  2 374 млн.тг. көкөніс (қияр, қызанақ) өнімін көршілес Ресей Федерациясына экспорттады. Негізінен көкөніс өсірушілердің 70% өнімі Қазақстанның және Ресейдің солтүстік аймақтарына экспортталады.

    A+
Уақыты: 2020-09-16  Айдарша: Өңір
TAG: