«Ордабасы Құс» - аудандағы ең ірі кәсіпорын

Қысқаша

«Ордабасы Құс» қазіргі заманғы күркетауық фабрикасы 2010 жылдың соңында іске қосылған. О

image.png

«Ордабасы Құс» қазіргі заманғы күркетауық фабрикасы 2010 жылдың соңында іске қосылған. Оңтүстік Қазақстан облысындағы кешен республиканың агроөнеркәсіп саласындағы  күркетауық еті өндірісі бойынша алғашқы жоба.

Қазақстанның Индустрияландыру картасына енгізілген нысанның жалпы құны 5,5 миллиард теңгені құрайды. 

Бүгінгі таңда кәсіпорын жылына 10 мың тонна күркетауық етін және «DӘMDI ET» - «Еттен дәмді жоқ» маркасымен күркетауық етінің 100-ден астам түрін шығарады. Кәсіпорын өз өнімдерін Ресей Федерациясы мен Қырғыз Республикасының нарықтарына экспорттайды.

Мәселен, өткен жылы фабрика 666,1 млн.тг. күрке тауық етін Ресей Федерациясына экспорттады.

Қазіргі таңда компания өз өндірісін біртіндеп дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді. Оның үстіне ол Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешенінің ірі салық төлеушілерінің бірі болып табылады, өзімен бағыттас салаларды дамытуға да ықпал жасап отыр (жемшөп өндіру үшін дақылдарды өсіру, оларды қайта өңдеуді дамыту). Әлеуметтік бағдарламаларға да қатысады: соғыс ардагерлеріне, мүгедектерге, жетім балаларға, қорларға және аз қамтылған отбасыларға демеушілік көмек көрсету шараларына белсене ат салысып жүр.

Мұндағы қызметкерлердің саны - 420 адам. Фабрика жылдан жылға ұлғайып, тек аудан не облыстың ғана емес, бүкіл елді сапалы құс етімен қамтуға қабілеті артып келеді.

    A+
Уақыты: 2020-09-16  Айдарша: Өңір
TAG: