Сайрам: «Жолдаудың дамуға қосатын үлесі көп!» ​

Қысқаша

Сайрам аудандық неміс этномәдени бірлестігінің төрайымы,Утвенко Александра Александр

image.png

Сайрам аудандық неміс этномәдени бірлестігінің төрайымы,
Утвенко Александра Александровна

Күні кеше Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. Бұл жолдауында алдағы уақытта атқарылатын бірқатар өзекті мәселелерді Үкіметке тапсырды.
Әлемнің қажыраған экономикасын қалыпты ағымға түсіру үшін, біздің мемлекетіміз тез орнығып, қадамын нықтау үшін алдағы 5 жыл ішінде не істеу керектігін көреген Басшымыз нақтылап айтып өтті.
Яғни, мемлекетіміздің басқару жүйесінің стратегиясын айқындап, талдап, сараптап отыратын жүйе жасап, оны жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар, шағын және орта бизнестің үлесін 35 пайызға жеткізу, осы саладағы еңбек етуші халықтың үлесін 4 000 000 – ға шығару тапсырылды. Қаз Агро мен Байтерек ұйымдары біріктіріліп, Даму қоры құрылады. Көшелерді жыл сайын жөндей беретін жобалар тоқтатылатын болады, саяси реформалар жалғасын табады, жер шетелдіктерге сатылмайтындығын атап өтті.
Бұл Жолдаудың орындалуы Қазақстанның дамуы жолында үлкен үлесін қосары анық.

    A+
Уақыты: 2020-09-09  Айдарша: Өңір
TAG: