Сайрам: Тұрғындар әкім қабылдауында болды

Қысқаша

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков карантин шараларын ескере отырып, қала тұрғы

На изображении может находиться: 2 человека, люди сидят

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков карантин шараларын ескере отырып, қала тұрғындарының жеке сұрақтары бойынша онлайн қабылдау өткізді.

Онлайн қабылдау барысында ауданға қарасты Қарасу ауылдық округі Ақбастау ауылының тұрғыны Дана Әділбаева Бастау көшесіне асфальт төсеуді сұрады.

Аталған көшенің жағдайын тыңдаған Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков асфальт төсеу үшін қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттар дайындалғанын айтты. Асфальт төсеу жұмыстары 2021 жылдың бюджетіне енгізілген.

Дегенмен, алдағы маусымда тұрғындардың жол жүруін оңтайландыру мақсатында Бастау көшесіне тас төсеу мүмкіндіктерін қарастыруды жауапты сала басшысына тапсырды.

Ақбастау ауылының Жаңақұрылыс аумағында бұдан бөлек, трансформатор, көше жарықшамдарын орнату мәселесі де күн тәртібіне енгізілді.

Аудан тұрғындары алдағы уақытт да тұрақты түрде аудан әкімінің онлайн-қабылдауына жазылып, өз ұсыныстарын, өтініштерін жеткізе алады.

    A+
Уақыты: 2020-09-09  Айдарша: Өңір
TAG: