Ата Заңға құрметі ерекше азамат

Қысқаша

Бірде-бір қатесі жоқ кітапты Кентаудағы Тәуелсіздік аллеясында арнайы жайып, тұрғындардың назарына ұсынған.

Screenshot_24.jpg

Кентаулық Тұрар Омаровты көпшілік ең ұзын конституция кітабын шығарғаннан кейін жақсы тани бастады. Қаладағы №10 мектепте ұстаздық ететін ол қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, ерікті ретінде үнемі игі бастамалардың басы-қасында жүреді. 

Ол 2014 жылы Ата Заң күніне орай ең ұзын Конституция кітабын жасап шыққан. Ұзындығы 200 метр, ені 80 сантиметр болатын кітапты Шымкенттегі типографияға арнайы бастырған. Тек баспадан басып шығарудың өзіне 12 сағат уақыт кеткен екен. Желімдеп шығуға 10 күндей уақыт жұмсаған. Қазақ және орыс тілдерінде әзірленген кітап 200 парақ болады. Бірде-бір қатесі жоқ кітапты Кентаудағы Тәуелсіздік аллеясында арнайы жайып, тұрғындардың назарына ұсынған.

  Ата заңымызға ерекше құрметпен қарайтын Тұрардың мақсаты жастарды Конституцияны құрметтеуге, ондағы заңға бағынуға шақыру. Сондай-ақ оның арманы тәрбиелі, саналы, ұлттық құндылықтарға сусындап өскен ұрпақ тәрбиелеу.  «Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласы аясында мектебімізде көптеген іс шара өтуде. Қаламыздың құрметті азаматтары, зиялы қауым өкілдері, ардагер ұстаздар атында арнайы сынып бөлмелерін аштық. Бұл игі іске мектеп директоры Гүлжан Қадырова көп еңбек етті. Қазір Рысты Атабекқызы, Исахан Жұмабаев, Өмірбек Жүсіпов атындағы сынып бөлмелерінде еңбек адамдарымен, әншілермен, спорт саңлақтарымен және өзге де әрбір саланың майталман мамандарымен кездесулер өткізудеміз. Түрлі тақырыптар аясында кең көлемді әңгімелер айтылып, сұхбаттар жасалады. Бұл оқушыларға да қатты ұнайды»,- дейді ол. 


    A+
Уақыты: 2020-08-30  Айдарша: Өңір
TAG: