Мақтааралдағы су басқан мектептер жөндеуден өтті

Қысқаша

Жалпы, республикалық резервтен бөлінген қаражатқа Мақтаарал ауданындағы оқушылар үшін 4900 компьютерлік техника таратылады. Сапар барысында Өмірзақ Естайұлы балалардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалуы қажеттігін қадап айтты.

Screenshot_35.jpg

Мақтаарал ауданында тасқын судан зардап шеккен екі мектеп оқу жылына дайын. Сардоба су қоймасының жарылуы салдарынан Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас және Фирдоуси елді мекендеріндегі екі мектепті су басып, зақым келген болатын. Ғимараттар толық күрделі жөндеуден өтіп, бүгінде жаңа оқу жылына дайын. 

Қайта жөндеуден өткен білім ұяларының даярлығы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке ауданға іссапары барысында таныстырылды. Аймақ басшысы әр мектепті жеке-жеке аралап көрді. Өргебас ауылының Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінде 300-ге жуық оқушы білім алса, Фирдоуси атындағы орта мектепте 700-ден астам бала оқиды. Оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасы балалары компьютерлік техникалар және планшеттермен қамтамасыз етілген. Білім ұялары интернет жүйесімен толық қамтылған. 

Жалпы, республикалық резервтен бөлінген қаражатқа Мақтаарал ауданындағы оқушылар үшін 4900 компьютерлік техника таратылады. Сапар барысында Өмірзақ Естайұлы балалардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалуы қажеттігін қадап айтты.


    A+
Уақыты: 2020-08-31  Айдарша: Өңір
TAG: