Сарыағаш: Достықтағы мектеп құрылысы басталды

Қысқаша

Сарыағаш ауданына қарасты Достық ауылында мектеп мәселесі шешімін таппақ. Бұл орайда а

image.png

Сарыағаш ауданына қарасты Достық ауылында мектеп мәселесі шешімін таппақ. Бұл орайда аудандағы құрылысшылар ауқымды жұмыстар жүзеге асуы тиіс. Мердігер компаниялардың белсенділігі, жұмысқа жауапкершілігі,  құрылыс жұмысын кестеге сай сапалы әрі ширақ жүргізуі аса маңызды.

Аудан әкімі М.Отаршиев жұмыс сапарымен Жартытөбе ауылдық округі, Достық елді мекенінде тұрғызылып жатқан 300 орындық жаңа мектептің құрылысымен танысты.
Достық елді мекенінде орналасқан №59 жалпы орта мектеп ғимараты апатты жағдайда болуына байланысты, жаңа білім ошағын салу қажеттілігі туындаған. Осыған орай үстіміздегі жылдың шілде айында жаңа ғимараттың қазығы қағылған болатын. Бүгінгі таңда мектептің құрылыс жұмыстарын «Жоғары сапа құрылыс» ЖШС-і жүргізуде. Жаңа білім ғимаратының жалпы аумағы — 1,90 гектарды құрайды. Жоспарға сәйкес, аталған білім мекемесінің нысанын тапсыру мерзімі - 2021 жыл.
Аудан басшысы бала болашағы үшін бой көтеріп, пайдаланылуға берілетін білім ордасы сапалы түрде әрі тиісті мерзімінде табысталу керектігін ескертіп, тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді

    A+
Уақыты: 2020-08-25  Айдарша: Өңір
TAG: