Түлкібас: Құлпынай шаруашылығы қолға алынды

Қысқаша

Құлпынай – айрықша күтімді көп қажет ететін жеміс. Түлкібастық кәсіпкерлер ендігі құлп

ЕХРО көрмесінің қонақтары құлпынай жейді | Inbusiness

Құлпынай – айрықша күтімді көп қажет ететін жеміс. Түлкібастық кәсіпкерлер ендігі құлпынай шаруашылығымен айналысуға кіріскен. Аталған кәсіп түріне қызығушылық танытқандардың бірі «Шақпақ» ауылдық округіндегі «Ақбиік» агро ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі.

Соңғы екі жылдан бері 1 гектар жерге құлпынай өсірумен айналысып келе жатқан шаруашылық,биылғы жылы жер көлемін тағыда бір гектарға ұлғайтыпты.Бүгінгі таңда жалпы екі гектар жердің әр гектарынан 10 тоннаға жуық өнім алып отыр. Құлпынайдың «Виктория» мен «Альбион» сұрыптарын еккен шаруашылық қазіргі таңда егістік алқабынан келісін 1000-1100 теңгеден өткізіп отыр.

Сондай-ақ, аталмыш ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі терім маусымында қажеттілігіне қарай 40 адамнан 50 адамға дейін жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып, әрқайсысына күнделікті келіскен жалақысын төлеп отыр.

Осылайша күрделі күтуді қажет ететін құлпынай жемісін дамытуға бел буған түлкібастықтар бүгінгі таңда өз кәсіптерінің жемісін көруде. Қазіргі таңда Түлкібас ауданында 11,7 гектар жерге жоғары сұрыпты құлпынай түрлері егілген.

    A+
Уақыты: 2020-08-17  Айдарша: Өңір
TAG: