Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде бүгінде 49,25 штат бірлігімен қызметкерлер жұмыс істейді. Оның ішінде аудандық орталық кітапхана 21,25 штат бірлігімен, аудандық балалар кітапханасы 3 штат бірлігі, 29 ауылдық кітапхана 25 штат бірлігімен жұмыс істейді.
2019 жылы кітапханаларға 6473 дана, оның 5996 данасы қазақ тілінде жаңа кітап түсіп, кітап қорының саны 254840 данаға толықтырылса, ағымдағы жылдың 5 айында кітапханаларға 2496 дана жаңа кітап түсіп, кітап қорының саны 257336 данаға толықтырылды. Бұл дегеніміз алдыңғы жылдармен салыстырғанда өте жақсы көрсеткіш. Биылғы жылдың І жартыжылдығында мерзімді басылымдарға жазылуға кәтапхана бюджетінен 1 304 теңге қаралған.
Сондай-ақ, аудан кітапханашылары да фейсбук желісі арқылы онлайн түрде оқырманға қызықты, пайдалы контент ұсынып отырды. Аудан аумағында жалпы 31, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда - 8, жеке ғимаратта- 1, ауыл округі әкімдігінде-4, ескі ФАБ ғимаратында-4, ескі мектеп ғимаратында-3, жеке-меншік жайда-11 кітапхана жұмыс істейді. Олардың бәрі дерлік онлайн түрде халық игілігі үшін жұмыс атқарды. Атап айтқанда наурыз айының 20-шы жұлдызынан бастап, ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің туылғанына 1150 жылдығына арнап - 15 шара, Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арнап - 40 шара, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай - 16 шара, сонымен қатар қазақ хандығына 555 жыл, жазушы Сәбит Мұқановтың 120 жыл, сазгер, домбырашы, дирижер Нұрғиса Тлендиевтің туғанына 95 жылдықтарын тойлау іс-шаралары, ақиық ақын М.Мақатаевтың, алғашқы қазақ опера әншісі Күләш Байсейітованың, ақын Ханбибі Есенқарақызының, ақын Гүлнар Өмірбектің шығармаларын таныстырумен қатар, өлкелік ақындар: Дүйсенхан Нақымовтың, Нармахан Бегалыұлының, ақын Әкім Ысқақтың журналист, жазушы, ақын Төрекелді Байтасовтың, ақын - сазгер Құрманәлі Жылқыбайдың шығармаларымен таныстыру мақсатында онлайн түрде көптеген материалдар оқырман назарына ұсынылды.
Оған қоса Ордабасы аудандық көзі әлсіз және нашар көретін кітапхананың оқырманы Қуандық Аружанның онлайн сурет көрмесі де онлайн түрде көпшілікке жол тартты. Ал 31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Жамбыл ауылдық кітапханасының "Алаш ардақтылары" атты онлайн көрмесі өтті. Ордабасы аудандық орталық кітапхананың "Имандылық тәрбие негізі" атты онлайн сұхбатының қонағы орталық аудандық мешітінің бас имамы Нұржан Шалқарұлы, Көктөбе ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Рахымбай Нұрай халықаралық кітап күніне орай "Кітап тұнық әлем"атты тақырыпта Ш.Құдайбердіұлының өмірбаянымен және "Жастарға" деген шығармашылығынан онлайн оқу өткізді.
Бүгінде аудан тұрғындарына кітапханалық ақпараттық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 16 кітапхана компьютермен жабдықталып, 13 кітапхана интернет желісіне қосылған. Кітапханаларды цифрландыру әсіресе соңғы төтенше жағдай Республикалық ақпараттық кітапханалық анықтамалық жүйе «РАБИС» бағдарламасы бойынша 2 аудандық, 9 ауылдық кітапхана Қараспан, Шұбар, Қарақұм, Бадам, Бөржар, Төрткөл, Шұбарсу, Бөген, Жеңіс жұмыс жасап келеді. Тек келушілерге ғана емес, кітапханаға келуге мүмкіндігі жоқ тұрғындарға да тиісті жағдайлар жасалынған. Мәселен үйге және мекемелерге кітап апару, яғни стационардан тыс қызмет көрсету түрлері де бар. Осы бағытта аудандық орталық кітапхана аудандық аурухана, аудандық оқушылар үйі, «Арайлым», «Бүлдіршін», «Рахия Ана» балалар бақшалары қызметкерлеріне жоспарға сай, ауылдық кітапханаға келе алмайтын 235 оқырманға әр сенбі сайын үйіне барып қызмет көрсетеді.