Ордабасы: Мәдениет үйі - рухани орда

Қысқаша

Ордабасы аудандық мәдениет үйінде бүгінгі күні аудан көркемөнерпаздарынан құралған «

Қазақша) Мәдениет саласы үшін маңызы ерекше Жолдау

Ордабасы аудандық мәдениет үйінде бүгінгі күні аудан көркемөнерпаздарынан құралған «Арай» вокальды аспаптар ансамблі, «Ордабасы» фольклорлық ансамблі, 5 әжелер ансамблі, (Темірланда-1, Шұбарсуда - 1, Атамекенде - 1, Ұялыжарда -1, Бөгенде -1) «Темірлан халық театры», «Жас толқын» балалар театры, «Ордабасы» триосы, «Қыздар» триосы, «Ағалар» триосы, Балғабековтер отбасылық ансамблі және «Ай ару» бишілер тобы, «Сарын» хор ұжымы көпшілікті той-жиында өз өнерлерімен тәнті етіп жүр. Ал ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда «Домбыра», «Көркемсөз», «Эстрада», «Би», «Қолөнер үйірмесі», «Әжелер ансамблі» және «Көңілді тапқырлар алаңы» үйірмелері жұмыс істейді.  Сахна деген киелі орында жүрген өнерпаз аудан тұрғындары түрлі іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге ат салысып, ауданның мерейін асқақтатып жүр.

Тек ауданда өткізілетін салтанатты кештерде ғана емес, сырт жақтарға шығып, өзін-өзі танытып, жетістіктерге жетіп жүрген өнерпаздар да аз емес. Мәселен Әкім Ысқақтың шығармаларын оқудан республикалық онлайн түрде өткен байқауда «Жас толқын» жасөспірімдер театрының өнерпазы Мұхтар Сымбат 3 орын иеленді.

Аудандық мәдениет үйінде Арай-2020 аудандық жас эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілерінің байқауы өтіп, 20 үміткер қатысып, қазылар алқасының шешімімен Облыстық байқауға эстрада әншісі Әлібек Ернұр, мәдени іс-шара жүргізуші Сапаров Бағлан жолдама алды.  Облыстық байқауда Әлібек Ернұр «Көзімнің қарасы» номинациясымен марапатталса, Сапаров Бағлан арнайы жүлдемен марапатталды.

Бадам ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы, Сакен Сейфулин жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Назерке Абдужалалова   "Фараби оқулары" атты облыстық байқауда 2 орын иеленді.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Жеңістің өшпес шырағы» онлайн облыстық жыр мүшайрасына ауданнан Батырәлі Мырзақасымұлы, «Жеңіске тағзым» онлайн облыстық ән байқауына ауданның өнерпазы   Айбек Қорғанбай қатысып арнайы жүлделермен марапатталды.

Алдыңғы жылдың өзінде ауданда 1405 мәдени іс-шара өткізілген. Онда 112100 көрермен қамтылды, олардың көпшілігі аудан тұрғындары болса, басқалары көршілес ауылдар мен аудан қонақтары.

Сондай-ақ жоғарыда аталған іс-шаралардың ішінде өткен жылдың жазында өткен орны ерекше, бірлігі мен ынтымағы жарасқан Ордабасы ауданының 55 жылдығы да жоғарғы деңгейде аталып өткен болатын. Ордабасы ауданының 55 жылдығына орай мәдениет үйі мен қала әкімдігінің, тұрғындардың ат салысуымен жалпы 55 ізгі іс-шара ұйымдастырылған болатын. Ал қазан айының 25-і күні Қажымұқан атындағы стадионда мерейтойды аяқтап, «Тарихқа тұнған Ордабасы» атты қорытындылау кеші өткізілді. Оған Республикаға танымал көптеген өнер жұлдыздары келіп, әсем әуендерімен, тәтті күйлерімен тұрғындарға есте қаларлықтай мерекелік кеш берді. Жалпы 700-ге жуық көркемөнерпаздар қатысып мерейлі мерекенің жоғары деңгейде өтуіне атсалысты. Сондай-ақ, жыр жампоздары - Бекарыс Шойбеков, Карима Оралова, Құлмахан Дүйсенов секілді дүлдүл ақындардың айтысы да көрермендер көңілінен шыққан болатын.

Ал биылғы жылдың 5 айында аудан көлемінде бекітілген жоспарға сәйкес   барлығы 452 іс-шара ұйымдастырылды. Олардың ішінде негізгі іс-шаралар:  Ұлы ғұлама Әбу Нәсір әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай жастар арасында  «Әбу Нәсір әл Фараби оқулары» атты аудандық  байқауы, Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай өткізілген ақын өлеңдерімен  қара сөздеріне «Абай дара, Абай дана», «Ұлылардың ұлысы – Абай»,  Азияда тұңғыш біртұтас империя құрушы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың туылғанына 130 жыл толуына орай «Елім деген ердің ерен ерліктері», «Алаш арысы», «Шоқтығы биік тұлға», «Алаш зиялысы», «Тәуелсіздік жаршысы – Мұстафа шоқай», «Ұлы тұлға» атты  іс-шаралар, Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығаруылуының 31 жылдығына  орай   мәдени  шаралар,   Аудандық мәдениет үйі мен ауылдық клубтарда  ақын Қадыр Мырзалиевтің туылғанына 80 жыл толуына орай, «Атамекен» атты концерттік бағдарламасы, 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мерекелік салтанатты іс – шарасы,  8  наурыз  Халықаралық  әйелдер  мерекесіне мерекелік  іс-шаралар, және  тағы да сол  сияқты іс-шаралар   қамтылды.

Ауданда еліміздің мәдениет саласына ерекше серпін берген елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізілген  іс-шаралар қатары да біршама. Мәселен осы бағытта: аудандық мәдениет үйінің әншісі Нүргүл Алтынбекқызының «Өнерім өмірім» шығармашылық концерті; әнші Гүлзина Балабиеваның «Ән әлемі-жан әлемі» шығармашылық концертті; аудандық мәдениет үйінде елімізге белгілі компазиторлар, ақындар мен әншілердің (Құралай Сәтмұхамбетова, Бекжігіт Сердалиев, Мұхан Байбосынов, т.б.) «Ән тербеген жүректер»  шығармашылық  концерттері өткізілді.

Биылғы жыл тек қазақстандықтар үшін ғана емес, бүкіл әлем экономикасы мен әлеуметін әлсіреткен жыл болды. Оған себеп жаһандық дерт COVID 19 вирусының көз ілестірмей тарап кетуі. Коронавирус індетінің таралуына жол бермеу үшін жасалып жатқан шектеулерге байланысты әлем бойынша түрлі шаралар қолға алынып жатырғаны мәлім. Осыған байланысты бүкіл әлемде театрлар мен музейлерге бару тоқтатылды, музыкалық фестивальдер, спорттық шаралар ауыстырылды, фильмдердің премьералары кейінге қалдырылды. Әрине, бұл жайт ордабасы ауданыны мәдениет саласына да едәуір өзгерістер алып келді. Дегенмен карантин режиміне қарамастан ұжым қызметкерлері өз қызметтерін жақсы деңгейде атқарып отырды. Бүкіл дерлік биылғы жоспарға енген іс-шаралар онлайн режимдерде өткізіліп, халыққа әлеуметтік желілер арқылы насихатталып отырды.

Төтенше жағдай кезінде мәдениет қызметкерлері "фейсбук" әлеуметтік желісі  арқылы онлайн  түрде  бейнебаяндар ұсынып отырды. Олардың қатарында "Медицина қызметкерлеріне мың алғыс!", «Сақтық шарасын сақтайық!» полиция қызметкерлеріне, 1мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Елім менің»  атты  бейнероликтермен қатар 1 мамыр – Қазақстан халық-тарының бірлігі күніне арналған мерекелік құттықтау және мерекелік ән шашу,  9 мамыр – Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Біз соғысты көрген жоқпыз» көрінісі және Нұргүл Алтынбекқызының орындауында «Ана туралы баллада»  бейнеролигі  жасалып  көрермендерге  ұсынылды. Сонымен қатар «Бауыр қымбат» бейнеролигі, 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған «Мәдениет тынысы» бейнебаяны, «Арай» вокалды аспаптар ансамблі онлайн концерті, «Ордабасы» фольклорлық ансамблінің онлайн концерттері де тікелей эфир арқылы өз көрермендерімен қауышты. Ал жуырда өткен 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында мәдениет қызметкерлерінің бірігіп жұмыс істеуімен «Ұры мен Ұлы», «Ажал мен Ұста», «Өміріңді өзгерт» бейнеролигтері жасалынды.

    A+
Уақыты: 2020-08-20  Айдарша: Өңір
TAG: