Сайрам оқу жылына дайын

Қысқаша

Биыл тек сайрамдықтар емес, барша Қазақстан оқушылары үшін жаңа оқу жылы қашықтан оқыт

image.png

Биыл тек сайрамдықтар емес, барша Қазақстан оқушылары үшін жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталады

Биылғы жаңа оқу жылының бір ерекшелігі - оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейді. Классикалық үлгіде киінсе болғаны. Ал 1 қыркүйектен бастап барша білім беру мекемелері жұмысын онлайн жүйеде жүргізе бастайды. Бастауыш сыныптардың оқушыларының ата-анасының өтініші бойынша тиісті мүмкіндіктерге қарай отырып, қатаң санитарлық шараларды сақтаумен кезекші сыныптар жұмыс істейді. Балалар тек бір кабинетте оқиды, үзілістері әр түрлі уақытта болады, кіре берісте дене қызуын өлшеуді ұйымдастыратын боламыз, ауаны тазарту, кварцтау және ылғалды тазалау режимі күшейтіледі. Әлеуметтік ара қашықтықты сақтау үшін оқытуды ауысымдарға және бала саны 10-15 баладан аспайтын шағын топтарға бөлу, мектепте оқыту күндерінің кезегі жасалады. Сонымен қатар, бұл балалар үшін пәндердің бір бөлігі, десек те, қашықтан оқытылатын болады.

Сайрам ауданының әкімі Уласбек Садибеков жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысу үшін мектептерді аралады. Білім беру мекемелерінің бәрі қызмет көрсетуге дайын.

Алайда, карантин режиміне байланысты 2020-2021 жаңа оқу жылында оқушылар "Мектеп онлайн" платформасы арқылы қашықтан оқытылады. Қазір 1-11 сыныптарға оқулық таратылуда.

Айта кетейік, Сайрам ауданындағы 42 елді мекеннің 29-ында интернет, Activ, Beeline, Altel, Tele2, Kceel ұялы байланыс жүйелері бар. Аталған аумақта 3G, 4G деңгейлі интернет 50 мыңнан астам оқушыны қамтиды.

Ал 13 елді мекенде 2G, Н деңгейлі, тіпті интернет пайдалану мүмкін емес мекенжайлар да бар. Бұл 13 ауылда 6115 оқушы тұрады. Оларға дәріс «Балапан» және «Абай» жаңа телеарнасы арқылы жүргізілмек.

    A+
Уақыты: 2020-08-26  Айдарша: Өңір
TAG: