Сайрам: Жаңа оқу жылына - жаңа оқу ғимараты

Қысқаша

Сансыз баптардың мекені атанған Сайрам халқы тығыз қоныстанған аудандардың бірі санал

На изображении может находиться: небо, дом, дерево и на улице

Сансыз баптардың мекені атанған Сайрам халқы тығыз қоныстанған аудандардың бірі саналады. Ресми мәлімет бойынша бүгінде ауданда 300 мыңнан астам жан бар. Сайрамның халқы еңбекқорлығымен, жаңалықты жатырқамай қабылдайтын жаңашылдығымен, бейімділігімен танылған. Бірлігіне тірлігі сай сайрамдықтар бұл жолы тағы бір құрылысты уақытынан бұрын аяқтады.

Сайрам Ауданы Ақсукент ауылындағы №5 М.Горький атындағы мектебінің жанынан 300 орындық жаңа оқу корпусы бой көтерді.

Аудан әкімі Уласбек Садибеков жаңа оқу ғимаратын аралап, мектептің 2020-2021 оқу жылына дайындығын пысықтап қайтты.

Биыл Сайрам ауданында 1 жаңа мектеп, 2 қосымша мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 6 мектеп күрделі жөндеуден, барлық мектеп ағымдағы жөндеуден өтті.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес 39 мектепте сыртқы әжетхана ішке орналастырылып, оқушылардың қауіпсіздігіне жағдай жасалды.

Жаңа оқу жылы қашықтан оқыту үрдісінде басталуына орай, ерекше категориялы 6998 баланы компьютермен қамтамасыз ету жоспарлануда.

    A+
Уақыты: 2020-08-26  Айдарша: Өңір
TAG: