Сайрамда жол құрылысы қарқынды. Ауданда тұрғындар үшін маңызы бар автокөлік жолдарын жөндеу биыл басты назарда болды.
Ағымдағы жылы аудан көлемінде жолдардың жағдайын жақсарту мақсатында бюджет есебінен барлығы 1 307,1 млн.теңге қаржы қаралып, 44 нысанға, яғни 42 көшеге ( 82,3 шқ) орташа жөндеу, 1 жолға күрделі жөндеу (5,3 шқ) және 2 жолға аяқ жол салу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңға 16 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталған.
Шымкент қаласымен Сайрам ауданын қосатын облыстық маңызы бар КХ-97 «Ақсу-Қабылсай-Қайтпас-қала қоқыс орны» автомобиль жолының қайта құру жұмыстарын «ОтауСтрой» ЖШС-і ағымдағы жылы аяқтауды жоспарлауда. (Тапсырысшы: Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы).
Оған қоса, Сайрам ауданымен Төлеби ауданын қосатын облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автомобиль жолының 22 шақырымын орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 980 млн.теңге қаржы қаралып, биылғы жылға 300 млн.теңгесі бөлінді.
Қазір Мердігер мекеме «СитиСтрой» ЖШС-і тарапынан жұмыстар басталған, аталған нысан өтпелі, 2021 жылы толық пайдалануға беріледі.