Сайрам: «Праймериз – қабілетті жастардың бағын ашады»

Қысқаша

Құрметті Сайрам ауданының тұрғындары!Елімізде «Nur Otan» партиясының ішкі праймеризі бас

image.png

Құрметті Сайрам ауданының тұрғындары!

Елімізде «Nur Otan» партиясының ішкі праймеризі басталып кетті. Бұл – демократия мен азаматтық қоғамды дамытуға серпін беретін, нағыз көшбасшыларды қарапайым ел арасынан табуды көздейтін игі қадам.

Былтыр Партия Төрағасы, Елбасы Н.Назарбаевтың «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын ұсынған болатын.

Осы бағдарламаға сәйкес қолға алынған праймеризге қоғам қызығушылық танытып отыр. Себебі, іріктеуде үміткерлерге тең мүмкіндік берілген. Ерекше айта кетерлігі, әйелдер қауымы мен жалынды жастарға праймериз арқылы саясатқа араласып, өзін тұлға ретінде танытуға зор мүмкіндік беріліп отыр.

Сонау 1909 жылы небәрі он алты жасында «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп алдына зор мақсат қойған Сұлтанмахмұт Торайғыров отыз жыл ғана өмір сүрді. Алайда, ол сондай қиын кезең болғанына қарамай, өз сөзінің үдесінен шыға білді.

Сол замандағы қиындықтар мен бүгінгі мүмкіндіктерді салыстырар болсақ, қазір жастардың асығы алшысынан түсіп тұрған шақ. Олар осы мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланып, мемлекетіміздің мызғымаз діңгегі болуы тиіс.

«Қоғамда пікірін ашық айтып, ел мәселесін қозғап жүретін азаматтар көп. Праймериз арқылы сол азаматтар партияның кадрлық резервіне алынып, жергілікті деңгейдегі мәслихаттарға, Мәжіліске ұсынылады.

«Мықты лидерлер – мықты партия» қағидасын басшылыққа алатын саяси доданы ашық, таза әрі әділ өткізу – біздің міндетіміз.

«Nur Otan» партиясының Сайрам аудандық филиалы праймериз өткізуге бірнеше айдан бері дайындық жүргізді. Аудандық партия филиалы жанынан ұйымдастыру комитеті құрылып, жұмыс істеп жатыр.

Қазір Сайрам ауданында 7,5 мыңға жуық партия мүшесі бар. Олар 12 бастауыш партия ұйымдарына тіркелген. Праймеризде партия мүшелері үміткерлерге дауыс беріп, сол арқылы кадрлық резерв жасақталады. Ауданымызда дауыс беруге және дебаттар өткізуге 12 арнайы орындар әзірленді.

Биыл еліміз пандемияның салдарынан қиын күндерді бастан өткеріп жатыр. Карантин талаптары қатаң сақталуы тиіс. Сондықтан праймеризде онайн түрде тіркелуге және дауыс беруге жағдай жасалды.

Праймериз кезінде партиялықтармен партия бағдарламаларында өз шешімін табатын өзекті, нақты жергілікті мәселелер анықталатын болады. Егер Сіз біздің ауданның/облыстың тағдырына немқұрайлы болмасаңыз және Сіз оны жақсартқыңыз келсе – праймеризге қатысуға шақырамыз!

ҰЛАСБЕК СӘДІБЕКОВ,
Сайрам ауданының әкімі,
«Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының төрағасы

    A+
Уақыты: 2020-08-20  Айдарша: Өңір
TAG: