Сайрам: Жол мәселесі шешімін таппақ

Қысқаша

Сайрамдағы көптен келе жатқан «Көксәйек- Ақсу- Шаян- Мыңбұлақ» бағытындағы автомобиль

image.png

Сайрамдағы көптен келе жатқан «Көксәйек- Ақсу- Шаян- Мыңбұлақ» бағытындағы автомобиль жолы мәселесі бір жөнге келмек. Аталған бағыттағы көліктер ауданға қарасты Қарамұрт, Ақбұлақ, Ақсу секілді ірі елдімекендерін басып өтеді. Халықтың тығыз орналасқан аймағындағы күре жол көптен бері жөндеу көрмей, ел – жұрт біраз қиыншылыққа кезіккен. Облыс әкімінің тікелелей тапсырмасымен қазір бұл жолға қаржы қаралап, жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қазір бұл өңірде де елдің  әлеуметтік- экономикалық тұрмысын  артыруға арналған   сан алуан жұмыстар атқарылуда.  Соның бірі – жол мәселесі.  Ауданның ең шеткі аймақтарының бірі- Қарамұрт ауылы көрші Төлеби ауданымен шектеседі. Міне,  осы аймақтан  басталып,    сонау  Бәйдібек ауданына дейін жалғасқан «Көксәйек- Ақсу- Шаян- Мыңбұлақ» бағытындағы   облысаралық  маңызы бар бұл жол  қаншама уақыттан бері жөндеу көрмей, халық  біраз қиналған болатын.

Бұл өңірде халық та тығыз орналасқан.  Көлік қатынастары да көп. Сондықтан мұндағы жұрт  үшін бұл өте  маңызды шаруа . Жолдың сапалы  салынуы қазір басты назарда. Сондықтан оған тиісіті сала мамандары құрылыс басында жиі болады.

Әрине, ауылдың ажары кіріп, жол мәселесі шешілсе – ең бірінші қуанатын да  қарапайым халық.  Қаншама жылдардан бері жол азабын тартқан тұрғындардың бұл іске айтары тек алғыс  қана.

Бұйыртса,   ішкі жолдар салынып бітсе,  ауыл тұрғындары жол жиегін абаттандыруға даяр. Ондай істерді көп болып қолға алу- бұл ауылда  жақсы үрдіске айналған,- дейді ауыл әкімі.

Рас, жолды мемлекет салып беруде. Ал шындығында оның бойын көркейтіп, көріктендіру  ісін кейде тұрғындардың өздері –ақ  көп болып атқаруды   дәстүрге айналдырған.

    A+
Уақыты: 2020-08-20  Айдарша: Өңір
TAG: