Жалпы Шардара ауданы аумағындағы облыстық маңыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы 235,2 шақырымды құрайды. Оның 90,2 шақырымы немесе 38,3 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы 48,73 шақырымды құрап, оның 39,63 шақырымы немесе 78,9 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. Көшелер мен ішкі шаруашылық жолдарының ұзындығы 504,3 шақырымды құрап, оның 349,9 шақырымы немесе 67,4 пайызы қанағаттанарлық жағдайда.
2020 жылы жергілікті бюджеттен 455,4 млн.теңге бөлініп, Шардара қаласындағы жалпы ұзындығы – 9,84 шқ құрайтын орталық 5 көшені (Оңдасынов, Түгелбаев, Әйтеке би, Төле би, Жібек жолы) орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, мемлекеттік сатып алу қорытындысымен «Строительная компания «Строймонтаж» ЖШС жеңімпаз болып танылған. Бүгінгі таңға, мердігерлер тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық бюджет есебінен 5,0 млн.теңгеге қала ішіндегі 46 көшелерге (1785 ш.м.) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіу бойынша мемлекеттік сатып алу шаралары қайта ұйымдастырылды. Нәтижесінде «РАДУГА-СН» ЖШС жеңімпаз болып танылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары 70 пайызға атқарылған.
Одан бөлек ауылдық округтерде жалпы ұзындығы – 8,0 шақырымды құрайтын, барлығы 10 көшелерді орта жөндеу және тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған (Достық а/о – Уалиханов көшесі; Ақшеңгелді а/о – Шынтөреев, Б.Момышұлы көшелері; Сүткент а/о – А.Тоқсанбаев көшесі; Қызылқұм а/о – Ж.Жабаев көшесі; Қоссейіт а/о – Панфилов көшесі; Қ.Тұрысбеков а/о – Қаныбеков, Ауезов, Ақ шағала көшелері; Жаушықұм а/о – А.Жангелдин көшесі).
2020 жылы республикалық, облыстық бюджет қаржысы есебінен «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында 465,1 млн. теңге бөлініп, жалпы ұзындығы – 18,044 шқ. болатын 21 – көшені (Көксу ауылдық округінен 9 көше - Мұқанов, №2 Жобадағы көше, Жобадағы көше, Иманов, Жабаев, Құнанбаев, Сейфуллин, Халықтар достығы, Әуезов және Алатау батыр ауылдық округінен 12 көше – Абай, Әйтеке би, Каттабеков, Кисабеков, Жеңіс, Ақорда, Тәуелсіздік, Бейбітшілік, Тұран, Айдаров, Достық, Жақсылықов) орта жөндеу жоспарланып, мемлекеттік сатып алу қорытындысымен, «Достық Спец Транс» ЖШС жеңімпаз болып танылған. Бүгінгі таңға, жұмыстардың бекітілген өндірістік кестесіне сәйкес, Көксу ауылдық округінде 7 көшелеріне (С.Мұқанов, жобадағы көше, Ж.Жабаев, А,Кұнанбаев, С.Сейфуллин, Халықтар достығы, М.Ауезов) орта жөндеу жұмыстары басталып, жол жабынының негізгі қабаты дайындалған. Және де, Абай, М.Ауезов, Халықтар Достығы көшесіне асфальт төселімі төселді.