Шардара: Негізсіз баға өсіргендер жазаланады

Қысқаша

Ауданда бүгінгі таңға 3 құқық бұзушылық, яғни дәрі-дәрмектер бағаларын негізсіз өсіру ф

Алматы облысында 140-тан астам кәсіпкер дәрі-дәрмектің бағасын ...

Ауданда бүгінгі таңға 3 құқық бұзушылық, яғни дәрі-дәрмектер бағаларын негізсіз өсіру фактілері анықталған. Олар:

08.07.2020 жылы Шардара қаласының тұрғыны Т.Ерденова тарапынан аудандағы «Жансая», «Айым» дүкендеріндегі дәрі-дәрмектер бағаларының қымбаттағаны  бойынша аудандық полиция бөліміне  арыз түсіп, нәтижесінде дәріхана басшыларынан түсініктемелері алынып, іс-құжаттары полиция бөлімі тарапынан 09.07.2020 жылы № 3-1-29 санымен облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі бақылау комитетіне жолданды. 

21.07.2020 жылы Шардара қаласы Орталық базар маңындағы жеке кәсіпкер «Сабырбекова» дәріханасында «Азитромицин» 500 мг 1500тг, және «Аспирин кардио» 100 мг 1400 тг қымбат бағамен сатылып жатқандығы анықталды.

Бүгінгі таңда аудандағы дәріханаларға «Дексаметазон», «ЦЭФ-3», «азитромицин» т.б. дәрі-дәрмектер, антибиотиктер, антикоагулянтар мен ыстық түсіретін және вирусқа қарсы дәрі- дәрмектер толығымен әкелінген.

Негізсіз бағаларды өсірген жағдайда айыппұлдар салынып, лицензиясы алынатындығы жөнінде дәріхана иелеріне күнделікті ескертіліп, мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

    A+
Уақыты: 2020-08-24  Айдарша: Өңір
TAG: