Қазақстанда дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдарының бағасын бақылау үшін тиісті шараларды қабылдау қолға алынған. Шардара ауданында дәріханаларда дәрі-дәрмектерге негізсіз бағаны өсірмеу, бір адамға екі данадан артық сатылмау т.б. мәселелер бойынша келесідей жұмыстар атқарылуда.
Дәрілік заттардың өткізілуі және шекті бағаның сақталуына мониторинг жүргізу жөніндегі Шардара ауданы әкімінің 2020 жылғы 10 шілдедегі
№ 2-54ө өкімімен арнайы Штаб құрылды. Осыған сәйкес, дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бағасын негізсіз көтермеу мақсатында аудан әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында меморандумдар түзілді. Меморандум бойынша мониторингтік топ дәріханаларды күнделікті аралап, дәрі-дәрмектерге талдаулар жүргізуде.
2020 жылдың 16 шілдесінде мониторингтік топ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасы, аудан әкімдігі, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы т.б. мекемелер қызметкерлерімен бірлесе дәріханаларды аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.