Шардарада 45 мал бордақылау алаңдары жұмыс жасайды

Қысқаша

Қазіргі уақытта әлемнің қандай мемлекеттерінде болмасын сүт және ет өндіру қарқынды ө

image.png

Қазіргі уақытта әлемнің қандай мемлекеттерінде болмасын сүт және ет өндіру қарқынды өндірістік технологияға негізделген. Мал өнімінің көбеюі, шаруашылықты шоғырландыру және мамандандыруға да көп байланысты. Шардара ауданында ағымдағы жылы аналық ірі қара мал тұқымдық түрлендіруге 6577 бас ірі қара алынса, оған қоса бүгінге дейін 340 бас бұқа сатып алынды.

Ірі қара мал шаруашылығында асылдандыру жұмысының нәтижелі болуы үшін зоотехникалық және асылдандыру жұмысының есебі де нәтижелі, толық, әрі дұрыс болуы қажет. Әсіресе малдан алынатын өнімдердің, селекциялық' белгілерінің, шығу тектерінің, ұрпақтарының өсіп-дамуының т.б. есептері мезгілді уақытында өтіп түрғаны дұрыс.

Қазіргі таңда, бұл көрсеткішті, аналық ірі қара мал тұқымдық түрлендіруге 13600 бас, бұқа сатып алу 544 бас межесін орындау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аталмыш бағыттағы жұмыстарымен аудандағы 104 агроқұрылым тұрақты айналысуда. Яғни, ауданның 104 нүктесінде ірі қараны асылдандыру және түрлендіру жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар, бүгін де ауданда 45 мал бордақылау алаңдары жұмыс жасап жатса, 877 бас бұқашықтар өнеркәсіптік мал сою алаңына өткізіліп, сапалы түрде нарыққа шығарылуда.

    A+
Уақыты: 2020-08-20  Айдарша: Өңір
TAG: