Шардара: Орталық аурухана жаңа аппараттармен толықты

Қысқаша

Бүгінде елімізде науқастарға аса қажетті құралдың бірі – өкпені жасанды желдету аппар

Қазақстан Тәжікстанға портативті өкпені жасанды желдету ...

Бүгінде елімізде науқастарға аса қажетті құралдың бірі – өкпені жасанды желдету аппараты. Індет жұқтырғандар санының артуына орай шетелден келетін бұл құрал барлық емделушілерге жете бермейтіні белгілі. Осынау қысылтаяң шақта шардаралықтарға қайырымды жандар қол ұшын созды.

Стационралық өкпені жасанды желдету аппараты интенсивтік терапия және реанимация бөлімдерінде қолданылады. Оның құны 24 млн. теңге тұрады. Әрине, қарапайым науқастың мұндай сомманы қалтасы көтермесі анық. Мұндай уақытта бірін-*бірімізге деген көмектің жөні бөлек болар.

Шардара аудандық орталық ауруханасы - 7 дана оттегі консентраты, 2 дана портативті ИВЛ аппаратымен толықты.
Толығырақ айтатын болсақ: Шұғыла қайырымдылық қорынан 5 дана, жергілікті жеке кәсіпкер Байқошқаров Мухтар мырзадан 1 дана, ЖШС Ақ ниет 1дана, ТО ҚДБ - 2 дана портативті ИВЛ аппараты берілді.
Шардара аудандық орталық ауруханасы ұжымы көмек қолын созғандарға алғысын білдірді.

Пандемиямен күресте дәрі-дәрмек жеткізу, медициналық құрылғылармен қамту ісі аса маңызды болып отыр. Себебі басты байлық - денсаулық. 

    A+
Уақыты: 2020-08-18  Айдарша: Өңір
TAG: