Биыл еліміздің барлық аймақтарында оқу жылы онлайн жүргізілетіні белгілі. Сарыағаш ауданы жаңа оқу жылына толықтай дайын.
2020-2021 жаңа оқу жылына аудандағы жалпы білім беретін 77 мектеп (56565 оқушы) толық «Дарын» онлайн платформасы арқылы қашықтықтан оқуға көшеді.
2020-2021 жаңа оқу жылында Білім бөлімі тарапынан «Бір отбасыға – бір компьютерлік техника» принципіндегі алгоритм бойынша республикалық бюджеттен 477-компьютер, 3488-ноутбук, 873-планшеттерімен әлеуметтік осал топтағы 4838 оқушы қамтылып, қашықтықтан білім алу мүмкіндігіне ие болады.
Қашықтықтан білім беру бойынша 2019-2020 оқу жылының 4-ші тоқсанында білім беру ұйымдарында 53056 оқушы үшін қашықтықтан оқыту ұйымдастырылды.
Сабақтар республикалық және жергілікті телеарналар («Балапан», «Ел-арна», «Қазақ радиосы» және т.б.) мен қатар мектептегі жарамды компьютерлері, оқушылар мен ата-аналардың жеке техникалық құрылғылары (компьютер, ноутбук, планешет, смартфон) пайдаланылып, қашықтықтан оқыту жұмыстары негізінен WhatsApp мессенджері арқылы жүргізілді.
Сондай-ақ, Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 2020 жыл ҰБТ-ға баратын 2347 оқушыдан 1717 бітіруші 21.06.2020 - 30.06.2020 жыл аралығында 10 лек бойынша қазақ тілінде - 1613, орыс тілінде - 61 бітіруші тапсырды. ҰБТ сынағы нәтижесінде орта балл 67,8-ді құрады.