Елдің оңтүстік өңірінде жазда үнемі қайнаған тіршілік болып жататын тамыз айы биыл бүкіл әулемді жаулаған індетке байланысты тыныштық орнаған. Десе де бүгінде ел аумағында карантинге қарамастан қызу құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Шардара ауылдық округтеріндегі ең басты проблемалардың біріне айналған жол мәселесі биыл шешімін табатын болды. Қазір ауданда жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ағымдағы жылы Жаушықұм ауылдық округінің орталығы Жаушықұм ауылындағы көшелердің бірі Ә.Жангелдин көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоғарыда аталған көшенің жалпы ұзындығы – 740 метр, ал ені – 5 метрді құрайды.
Көп кешікпей, көліктің де, көлік жүргізушілердің де көздері ашылады. Өйткені, аз уақыт аралығында көптеген көшелердің жөнделген жаңа жолдары пайдалануға беріледі. Оның айқын дәлелі ретінде, құрылысшылардың күн-*түн демей еткен еңбектерін келтіруге болады.
Олар жаңа жолдардың сасына да зор кепілдік беруде. Ең кем дегенде екі жыл екен тас жолдың тақтайдай тегіс болуы.