Шардара індеттен толық айықты

Қысқаша

Шардара ауданында бүгінде коронавируспен ауырған науқастар жоқ. Бұлай деп Түркістан ө

image.png

Шардара ауданында бүгінде коронавируспен ауырған науқастар жоқ. Бұлай деп Түркістан өңірлік коммуникация қызметі хабарлады. Орталық ауруханасының инфекциялық бөлімінен бүгін соңғы емделуші жазылып шыққан. 

Аудан мұндай нәтижеге темірдей тәртіп пен ауызбіршіліктің арқасында жетіп отыр. Індеттің бетін қайтарып, олқылықтарға орын бермей, аудандағы жағдайды бақылауда ұстау үшін өңірде арнайы мониторнгтіп топтар жұмыс жасаған болатын.

Жалпы, Шардара ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған 43 науқас тіркелген. Бір адам созылмалы ауруларының асқынуынан қайтыс болды. Жазылып шыққан барлық науқастардың жағдайлары жақсы.
Атап өтерлігі, ауданда пневмония ауруының да азайғаны байқалады. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше,
40 адамға есептелген провизорлық орталық 20 төсек-орынға қысқарған. Науқастар жоспарлы емге қабылдана бастады.
Ал, Түркістан облысы бойынша 440 инфекциялық төсек-орны 2 есе азайды. 1941 провизорлық төсек-орынның 1020-сы қысқарды. 1136 төсек - орын науқастарды жоспарлы емге қабылдауға бейінделді. COVID-19 расталған науқастар саны - 3032. Бір күндік өсім 0,8 пайызды құрап, аурушаңдық төмендеді. Жалпы сауығып шыққандар саны – 2616. Яғни, сырқаттанғандардың 86,2 пайызы.

Мұндай нәтижелі жұмыс ақ халатты абзал жандардың арқасы екенін естен шығармаған да жөн.

    A+
Уақыты: 2020-08-12  Айдарша: Өңір
TAG: