Бәйдібек: Баға мониторингтік топтың бақылауында

Қысқаша

Бәйдібекте бағаны негізсіз көтерудің алдын-алу мақсатында дәрілердің көтерме сауда қо

image.png

Бәйдібекте бағаны негізсіз көтерудің алдын-алу мақсатында дәрілердің көтерме сауда қоймаларындағы дәрі қорының, дәріханалардағы дәрілердің бағасын қадағалайтын арнайы мониторингтік топтар құрылды. 

Дәрі-дәрмек бағасын шектен тыс көтергені үшін дәріхана басшылығы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабына сәйкес (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналасы саласының қағидаларын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оларға 70-тен 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Аудан бойынша 11 дәріхана жұмыс жасайды. Қазіргі таңда аталған дәріханаларда дәрі-дәрмек жеткілікті. Тұрғындардың сұранысына сәйкес қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуде. Бұл жөнінде Бәйдібек ауданы бойынша дәрілік заттардың өткізілуі және шекті бағаның сақталуына мониторинг жүргізу жөнінде аудан әкімінің 2020 жылғы 10 шілдеде №208 санды өкімімен штаб құрылып, мониторинг жүргізілуде.
Дәрі-дәрмектің бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан аумағында ірі дәріханалар басшылығымен аудан әкімдігі арасында ынтымақтастық меморандумдары түзіліп, шекті бағалар кестесі ілінген.
Аудан аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда, дәріханаларда және тағыда басқа орындарда алыпсатарлық (сұранысы жоғары препараттарды, дәріханалардың және көтерме саудагерлердің көтеріңкі бағамен сатуы, дәріханалардан тыс Қазақстанда тіркелмеген және сатуға рұқсат етілмеген, науқастарға тегін берілуге жататын және т.б дәрілерді сату) заңсыз кәсіпкерлікпен, қызметпен айналысу фактілері тіркелген жағдайда мына Сall center - 8-725-48-2-12-71, WhatsApp нөмірі - 8-702-493-57-09 нөмірлеріне хабарласыңыздар.

    A+
Уақыты: 2020-08-11  Айдарша: Өңір
TAG: