Шардара: 300 орындық мектептің ел игілігіне жарар күні алыс емес

Қысқаша

Шардара ауданында елде бекітілген карантин режиміне қарамастан ауданда биыл бастау ал

image.png

Шардара ауданында елде бекітілген карантин режиміне қарамастан ауданда биыл бастау алған бірнеше құрылыс жұмыстары аяқталуға тәмам. Оның ішінде аудандағы Иманов атындағы 300 орындық мектептің де халыққа пайдалануға берілуіне көп қалмады. Сонымен қатар жыл соңына дейін тағы бірнеше ғимараттың құрылысы аяқталады деп те жоспарланып отыр.

Тұрғын үй құрылысы бойынша, облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа бой көтерген Әл-Фараби көшесіндегі 4 қабатты 40 пәтердің төлқұжаттарын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, қаладағы «Әсем» және «Nur Otan» мөлтек аудандарында су құбырларымен электр желілері тартылуда. Тиісті жұмыстарды жүргізген мердігер «Корпорация  СИЛУР» ЖШС құрылыс жұмыстарының сапасына кепілдік беретінін айтады.

"Облыстық бюджеттен 700 млн-дай қаржы бөлініп Шардара ауданында 40 пәтерлі 2 үйдің құрылысы басталған болатын. Соның біреуі бүгінгі таңда дайын. Екіншісін тамыз айында бітеді деп жоспарлап отырмыз", - деді Асанбай Махашев,Шардара аудандық құрылыс бөлімінің басшысы.                                        

Ауданда құрылыс жұмыстары карантин талаптарын  сақтай отырып жүргізіліп жатыр.  Жұмысшылардың денсаулығын күнделікті тексеріп, антисептик құрылғыларымен маскалық режим қатаң бақылауға алынған. Құрылысшылар қандай жағдай болса да нысандарды уақтында тапсырамыз деп құлшынып отыр. 

    A+
Уақыты: 2020-08-10  Айдарша: Өңір
TAG: