Шардара әкімі ауданның қазіргі жағдайына шолу жасады

Қысқаша

Шардарадағы пандемиялық ахуал бірқалыпты. Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Жолдыбай өзін

image.png

Шардарадағы пандемиялық ахуал бірқалыпты. Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Жолдыбай өзінің фейбук желісінде тікелей эфирде бөлісті.

Күн тәртібінде Дүние жүзінде пандемия деп жарияланған коронавирус жағдайы сараланды. Әкім сондай-ақ эфир арқылы карантин талаптарына ескерту жасап, бетпердесіз немесе карантинді бұзатын кез келген құқық бұзушылықтың заңғай тиісті жазаланатынын айтып өтті.

Сондай-ақ аудан әкімі аудандағы науқастардың бүгінгі жағдайынан хабардар етті.

"Бүгінге дейін ауданымызда 20 орындық провизорлық орталық ашылған болатын. Аталған медициналық мекемеге бүгінде өкпе қабынуымен 236 науқас жатқызылып оның 225-і емделіп шықса, 11 науқас терапиялық бөлімде ем қабылдап жатыр", - деді аудан басшысы.

Сонымен қатар, әкім ауданда коронавирус індетінен қаза тапқандар жоқ екенін айтты. Ал дәрі-дәрмек қоры жеткілікті екен, аудандағы дәріхана сөрелері қазір қажетті дәрілермен толықтай қамтамасыз етілген. Ауданда рейдтік шаралар мен мониторингтік шаралар да уақытылы жүргізіліп жүр. Аталған процесстер халықтың қауіпсіздігі үшін аса маңызды екендігін де айтып өтті.

    A+
Уақыты: 2020-08-07  Айдарша: Өңір
TAG: