Ордабасы: Мониторинг тұрақты жүргізілуде

Қысқаша

Ордабасы ауданындағы дәріханалардың қызметі тұрақты бақылауда.Аудандық штаб жанынан

108270932_1355499984660034_8844835169491536567_n.jpg

Ордабасы ауданындағы дәріханалардың қызметі тұрақты бақылауда.

Аудандық штаб жанынан құрылған 3 мобильді топ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» № ҚР ДСМ-104 бұйрығына сәйкес, дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру мақсатында мониторинг жұмыстарын жүйелі жүргізуде.

Бүгінге дейін аудан аумағында дәріні негізсіз қымбат сатудың 3 дерегі анықталып, тиісті мекемеге ұсыныс жолданды.

    A+
Уақыты: 2020-07-22  Айдарша: Өңір
TAG: