Биыл ауданның көкөнісшілері барлығы 55,0 мың тонна өнім жинауды межелеген еді.
Қазірдің өзінде 44,8 мың тоннадан астам картоп жиналды (шілденің 20-сы). Ал, көкөністің түрлері бойынша барлығы 120,0 мың тонна өнім жинау тапсырмасы алға қойылған. Қазір тапсырма үдесінен шығудың барлық алғышарттары жасалып жатыр.
Жеміс-жидек жинау да ширақ ұйымдастырылып отыр. Биыл ауданның бағбандары 16,0 мың тонна өнім жинауды көздеген. Сайрамдықтар алдағы қыстамаға да жан-жақты әзірленіп жатыр. Мал қыстату науқанына барлығы 591 мың тонна мал азығы дайындалу қажет болса, бүгінде оның 479,6 мың тоннадан астамы әзірленді. Оның ішінде сабан, пішендеме, пішен, жоңышқа межелі жерлеріне жеткізілді. Науқан әлі де жалғасып жатыр.