Сайрамдық тәртіп сақшылары тұрғындарды алдаған күдіктіні құрықтады

Қысқаша

Сайрам аудандың полиция қызметкерлері тағы да оперативті атқарылған жұмыстарының арқ

Түркістан облысында «жер алып беремін» деп жұртты алдаған алаяқ ...

Сайрам аудандың полиция қызметкерлері тағы да оперативті атқарылған жұмыстарының арқасында тұрғынды сан соқтырып кеткен күдіктіні құрықтады. 

Сайрам АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны 2019 жылдың мамыр айында сырттай танысы оны «Ақбастау ауылынан 1 гектар суармалы жерді сатып алып беремін» деп алдау арқылы 700 мың теңге ақшасынан айырылғанын айтып шағымданған. Аталған іс АПБ-де Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Аудандық тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы тұрғынды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Куәгерлерден жауап алу барысында, жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталып, ер адам аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Өз кінәсін толық мойындады. Ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға алаяқтардан барынша сақ болуды ескертеді. Кез келген ұсынысты қабыл алмай, толық тексеріп алыңыз деп кеңес береді. Кезексіз, уақытынан бұрын мәселемді шешемін деп ақша беріп, алаяққа алданып қалмаңыз.

    A+
Уақыты: 2020-08-06  Айдарша: Өңір
TAG: