Сарыағашта жасөспірімдерге қатысты түнгі рейд жүргізілді

Қысқаша

Сарыағаш ауданында «Түнгі қаладағы балалар» рейді өтті. Рейд барысында кәмелеттік жас

image.png

Сарыағаш ауданында «Түнгі қаладағы балалар» рейді өтті. Рейд барысында кәмелеттік жасқа толмаған балаларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сарыағаш ауданы полиция бөлімінің ЖПҚ ЮПТ-ның инспекторлары және жастар ресурстық орталығының қызметкерлері бірлесіп Сарығаш ауданы аумағында түнгі рейд жұмыстарын жүргізді.

Түнгі рейд шарасының басты мақсаты - өңірдегі жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігін, балалар құқығының қорғалуын қамтамасыз ету.
Түнгі рейд барысында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер анықталды. Нәтижесінде, құқық қорғау қызметкерлері тарапынан тиісті хаттамалар толтырылып, ата-аналарына ескерту жасалды.

Тәртіп сақшылары балалардың түнде жүруі қылмысқа жетелейтінін айтады. Сондықтан кәмелетке толмағандарды қадағалау қажет. Егер баласы бір емес екінші рет түнде ұсталса, ата-ана 34 000 теңге айыппұл төлейді.

    A+
Уақыты: 2020-08-06  Айдарша: Өңір
TAG: