Нарықты зерттеудің нәтижелері ОҚО-да қауын өсіру белгілі нәтижеге жететінін көрсетеді. Ресейге өндірілген өнімді экспорттау және еліміздің солтүстік аймағына өткізуді қамтамасыз ету, мұның бәрі де елеіміздің ыстық өңірінің шаруаларына міндеттелгендей.
Шардара ауданында биыл егіс алқаптары жақсы өнім берді. Қазірде ауданға қарасты егіс алқаптарындағы өнген өнімдерді шет елдерге экспорттау қызу жүріп жатыр. Қауын біржылдық шөптәріздес өсімдік. Ол қиярға ағайындау, бірақ жылыға өте талапшыл болғандықтан, диқандар қауын-қарбызды ыстық өңірде өсіргенді құп көреді. Қауынның сұранысы кеден одағы мен Еуропа елдеріне экспорттаудың өсуінен жылсайын артып отыр. Ал көршілес Ресей елі біздің тұрақты тұтынушымызға айналған
Түркістан облысы, Шардара ауданы, Достық ауылдық округінің диқандары алғаш піскен қауындарын көрші Ресей еліне жөнелтуде.
Жер ананы еміп, күннен нәр алған, ала жаздай диқандардың еңбегінен жаралған дәмі тіл үйірер қауындар Ресей астанасы Мәскеуге жол тартады.
Диқан еңбегі - ауыр еңбек. Ендеше, диқан еңбегінің еш кетпеуін, өсірген өнімдерін ойдағыдай жинап, уақытында өткізулеріне тілектеспіз.